Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украин дрондары өткен түнде Ресейдің 12 аймағына шабуыл жасады

МӘСКЕУ. 14 қаңтар. Украина Қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшақтары бүгінге қараған түні Ресейдің 12 өңіріне бірдей жойқын соққылар берді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Соның ішінде украин беспилотниктері бір аптаның ішінде екінші рет Қазандағы сұйылтылған газ қоймасы мен Энгельстегі мұнай базасына шабуыл жасады. Нәтижесінде Татарстан астанасының шетінде газ цистернасы өртеніп кетті.

«Вечерняя Казань» газетінің хабарлауынша, зарп «Казаноргсинтез» химиялық зауытының жанындағы сұйылтылған газ қоймасына тиген. Шабуыл үшін түріктің «Байрактардың» көшірмесі болып табылатын ұзақ қашықтыққа ұшатын «Лютый» ұшқышсыз ұшағы қолданылған. Дрон 1000 шақырымға дейін ұшуға және 50 келіге дейін жарылғыш заттарды тасымалдауға қабілетті. Зауыт сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «Казаноргсинтез» поликарбонаттар, севилен және металлоцен полиэтиленін шығаратын жалғыз ресейлік өндіріс орны, сонымен қатар жоғары және төмен тығыздықтағы полиэтиленді елдегі ірі өндірушілердің бірі.

14 қаңтарға қараған түні Украина дрондары сондай-ақ Саратов облысының Энгельс қаласындағы «өнеркәсіптік кәсіпорынға» шабуыл жасады. «Қирандылар бар. <…> Төтенше және жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде», – деді облыс губернаторы Роман Бусаргин.

«Острожно: новости» агенттігінің хабарлауынша, дрондар аптадан аз уақыт бұрын, 8 қаңтарда шабуыл астында қалған мұнай базасын тағы ұрған. Сол жолы базада лаулап жанған отты бес күн бойы сөндіре алмаған. Өртті сөндіру кезінде 3-бөлімнің 1-өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы Геннадий Афанасьев пен 4-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Жаслан Телеуіпов қаза тапты.

Жалпы, Украина Қарулы күштері кеше түнде Ресейдің 12 аймағына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады. Атап айтқанда, Ростов облысында – 14, Орел облысында – 17, Тула облысында – 16 және Самара облысында – 15 ұшқышсыз ұшақ, сонымен бірге Курск облысында – 4, Белгород және Брянск облыстарында – үшеуден, Краснодар өлкесінде – 2, ал Волгоград және Воронеж облыстарында – бір-бірден дрондар атып түсірілді. Шабуыл кезінде Қазан, Калуга, Саратов, Тамбов, Ульяновск және Пензада әуежайлары жабылды.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button