ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Коммунистер: Николай II-ні құлатқанбыз, Путинді де құлата аламыз

МӘСКЕУ. 25 қаңтар. Ресей коммунистерінің бір тобы Мәскеуде Қызыл алаңға шеруге шығып, биліктің ауысуын талап етті. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.

«Мәскеудегі Қызыл алаңда коммунистер акция өткізіп, сонымен бір мезгілде халықты іс басындағы билікті ауыстыруға шақырды», – делінген хабарламада.

Бұдан бір күн алдын әлеуметтік желіде Мәскеудің Кремлі жанындағы Қызыл алаңда коммунистердің акция өткізіп, сонымен бір уақытта халықты іс басындағы билікті құлатуға шақырып жатқандары түсірілген кадрлар мен видео тарады.

Коммунистердің ойларынша, РФ халқы қазіргі биліктің әулекі әрекетіне әрі кеткенде, 1-1,5 жарым жыл ғана шыдай алады, одан кейін оқиға өте жылдам айналымға түсіп кетіп, елде үлкен өзгерістер орын алады. Ресейліктер әрбір атқан таңмен бірге «арнайы операцияның» бұлайша жылға дейін созылмайтынын, демек, биліктің «арнайы соғыс операциясының»  атын өзгертіп, әр нәрсені өз атауымен атау керек екенін түсіне түседі. Қазір жағдайда бұл ешқандай да операция емес, нағыз соғыс екенін ұғынатындар көбейе береді.

Коммунистер өздерінің елде бір-ақ рет революция жасап, билікті бір-ақ мәрте ауыстырмағандарын мойындады. Кезінде Николай Екіншіні де тақтан тайдырған коммунистер еді, енді Путиннің билігін де құлатуға тура келіп тұр.

Бұдан бұрын генерал Руцкой Украинаның сындарлы инфрақұрылымдарын атқылауға шақырған Путинді сынға алған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button