Нидерланд Украинаға F-16 истребителін Ресей жерінде пайдалануға рұқсат етті
АМСТЕРДАМ. 29 тамыз. Нидерланд өзі берген F-16 истребительдерімен Украинаның Ресей территориясына шабуыл жасауына қарсы емес екенін білдірді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Нидерланд қарулы күштерінің қолбасшысы Онно Эйхельсхайм бүгін Nos басылымына берген сұхбатында осыны айтты.
«Біз F-16 ұшағын пайдалануға қатысты және оның ұшу қашықтығына байланысты ешқандай шектеу қойған жоқпыз, тек соғыс заңдылығы сақталса – болды», – деді ол.
Эйхельсхаймның айтуынша, Нидерланд берген қару-жарақтың басқа түрлеріне қатысты да осындай ұстаным ұсталады, Украина Қарулы күштері оларға да – егер халықаралық гуманитарлық құқық принциптері сақталар болса, – «өз қалауларына қарай» басшылық жасай алады.
«Біз бұл соғыста Украинаның жеңіп шыққанын қалаймыз, сол себепті де тап солай болуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз», – деп атап өтті әскери басшы.
Жалпы алғанда, Амстердам Украинаға F-16 ұшағының 24-ін беруге уәде еткен еді.
Эйхельсхайм қазір олардың қаншасы жеткізілгенін айта қоймады. Ал The Times мәтбұғатының мәліметіше, Украина Нидерландтан қазірге дейін F-16 истребителініі 6 данасын алып үлгерген. Киевке ұзын саны барлығы 79 осындай ұшақ берілуі тиіс-тін. Бұларды Бельгия, Дания және Норвегия жеткізіп беруге тиіс. Алайда Украина президенті Володимир Зеленьский «Ресейге қарсы әуе кеңістігінде табысты шайқасу үщін» мұндай ұшақтар санын 120-130 қаралы болуы керек екенін мәлімдеді.