Путин үкіметке аңыздар батырларын елге үлгі етуді тапсырды
МӘСКЕУ. 16 желтоқсан. Ресей президенті Владимир Путин үкіметке орыс тарихы мен фольклорындағы батырларды асқақтатып, елге үлгі етуді тапсырды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Кремльдің қожайыны үкіметке орыс тарихы мен ауыз әдебиетіндегі «дәстүрлі құндылықтарға жауап бере алатын» қаһармандардың даңқтарын асыра түсуге қатысты пәрмен берді. Ол осы орайда 2023 жылдың 15 мамырына дейін аталмыш мәселе бойынша тиісті «шара қолдануды» және «бейнелеу, баспа, кәдесый өнімдері мен басқа да таралымды бұйымдарды және халық тұтынатын тауарларды шығарарда осы қаһармандардың бейнелерін пайдалануды» бастап кетуді талап етті.
Президент талап еткен нәрселердің тізімінде сондай-ақ «Білім қоғамының», Ресей Ғылым академиясының, Ресей тарихи қоғамы мен Ресей әскери-тарихи қоғамының баяндамалары ең алдымен «Ресейдің тарихына қатысты құндылықтарды жастар ортасына тарату тетігін жетілдіруге» арналуы керектігі атап өтілген.