Украина: Кадиевкада – 60 оккупант, Мелитопольде басшылар оққа ұшты
КИЕВ. 14 желтоқсан. Украина әскерлері Кадиевкада 60-қа жуық басқыншыны, Мелитопольде РФ 58-ші армиясының басшыларын жаһаннамға аттандырды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы 13 желтоқсан, сейсенбі күннің кешінде соңғы үш тәулікке барлау жасап өтті.
«Луганск облысының Кадиевка қаласында 11 желтоқсан күнгі жойқын шабуылдың нәтижесінде 60-қа жуық ресейлік әскери қызметкерлер өлтірілді, жүзге жуық басқыншы жараланды, РФ армиясы сондай-ақ Запорожье облысында да көп шығынға ұшырады», – делінген хабарламада.
Хабарламада Мелитопольде Ресейдің 58-ші армиясы басшылық құрамының жойылғаны арнайы атап айтылады. Бұдан бөлек, Энергодар, Токмак және Гуляйполе елді мекендерінде жаудың үш артиллериялық қондырғысы, 10 әртүрлі соғыс техникасы, 150 адам күші жойып жіберілген.
Украина қорғаныс күштері ракета әскерлері бөлімшелері мен артиллериялары Ресей оккупанттары жеке құрамының екі аудандағы шоғырын жусатып салды.
РФ армиясы үшін 2022 жылдың 8 қарашасынан 8 желтоқсанына дейінгі аралық Украинаға қарсы соғыс басталғалы бергі қантөгісі ең көп ауыр кезең болды. Осы бір айдың ішінде Ресейге жақтас құрылымдардың бәрі 21 мың адамынан өлідей айырылса, 43 мың адамы жараланып, қатардан шығып қалды.
Осыны хабарлаған ресейлік ниеттегі «Воля» басылымы орыстардың Бахмут бағытындағы ұрыстарда айрықша көп шығын шеккенін баяндайды.
Аталмыш басылым жазғандай, ресейлік қарулы құрылымдар (РФ Қарулы күштері, Росгвардия, «Вагнер» әскери құрылымы, еріктілер жасақтарының барлық түрі) биылғы 8 қараша – 8 желтоқсан аралығында ауырып қалғандары мен жарақаттанып қалғандарын қоса есептегенде, 64 520 адамынан айырылып қалған. Егер РФ-ның соғыс басталған тоғыз жарым айдан бергі тұтқынға түскен, ауырып қалған және жарақаттанған адам шығындарын есептесе, ол 270 764 болады екен.