Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Ақтөбеде теміржол қызметкерлері пара алу күдігімен қолға түсті

АҚТӨБЕ. 14 желтоқсан. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақтөбе облысындағы филиалы қызметкерлері пара алу күдігімен қолға түсті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облыстық департаментінің қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалында жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру барысында сыбайлас жемқорлық күдігін шақыратын бірнеше фактіге кезікті. Нәтижесінде филиал басшылары бірінің және бірқатар бөлімше қызметкерлерінің үстерінен бірнеше рет пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті қызметкерлер қазір тергеу оқшаулағышына қамалған.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button