Рамзан Кадыровты ұдайы сынап отыратын оппозиционер өлтірілді
СТОКГОЛЬМ. 5 желтоқсан. Шешен оппозиционері Тумсо Абдурахманов Швецияда қастандық әрекеттің салдарынан ажал құшты. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Мұның жайын 1ADAT телеграм-каналы айтып берді. Ол Абдурахмановтың жақтастары ақпарларына сүйенген «Шешенстандағы және шетелдегі ақпарат мәнбелері» мен «Шешенстан радиосына» сілтеме жасайды.
«Тумсоны бір топ адам түн ішінде атып кеткен, қазіргі мезетте оны өлтірудің жай-жапсары анықталып жатыр», – деп атап өтті 1ADAT. Телеграм-канал командасы «ақпар берушілер үшін және өз қауіпсіздіктері мақсатындай қаскүнемдік әрекеттің жай-күйін толық ашпай отыр.
Қазіргі кезде Швецияда тұрып жатқан Тумсо Абдурахманов пен оның інісі, құқық қорғаушы Мухаммад Абдурахманов желтоқсан айының басынан бері байланысқа шықпай қалған. Блогердің телеграм-каналдағы соңғы жазбасы 30 қараша күні кешке жарияланған. Ал YouTube-каналдағы оның соңғы видеосы астында жазылған сөздерінде пайдаланушылар Абдурахмановтың эфирге шыға алмайтын болса, үнемі алдын ала ескертіп отыратынын, алайда, 27 қараша күні соңғы рет тікелей эфирге шыққаннан кейін ешбір хабарландыру бермегенін атап көрсетті.
Тумсо Абдурахманов өзінің видеоларында Шешенстанның басшылығы мен Рамзан Кадыровтың жеке өзін ылғи сынап отырды. Ол 2015 жылы Кадыровтың туыстарымен жанжалдасып қалғаннан кейін Швецияға кетіп қалып, саяси босқын мәртебесін алды. Ал Шешенстанда ол «Ислам мемлекеті» терроршыларымен байланысы бар деп айыпталды.
Блогер 2019 жылы Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудовтың өзінде қанды кегі бап екенін жариялағанын мәлімдеді. Шешенстан билігі «Даудов сөзді дұрыс аудармай отыр» деп мәлімдеп, мұны жоққа шығарды.
Арада жыл өткеннен кейін, 2020 жылғы 26 ақпанда Абдурахмановқа шабуыл жасалды. Блогер өзіне шабуыл жасаушының қаруын тартып алып, дереу полиция шақырды. Ол мұның артында Шешенстан билігі, оның арнайы қызметі тұрғанына еш күмәнданған жоқ. Бір жағы, қылмыс тура Даудовтың туған күні жасалған еді.
Швеция құқық қорғау органдары Абдурахмановқа шабуыл жасауға екі адамның қатысы болғанын анықтады. Бұл іс бойынша 2021 жылғы қаңтарда үкім шығарылды. Сотта прокурор «барлық іздің Грозныйға барып жығылатынын» мәлімдеді.
2021 жылы Германияда Мухаммад Абдурахманов жасалған шабуылдың алды алынды. 2021 жылғы желтоқсанда Шешенстанда блогердің тоғыз туысы ұрлап әкетілді. «Бұдан бұрын менің ұрлап әкетілген туыстарымның бәріне мені тоқтату, әйтпесе қанды кек жасалатыны айтылып, ультиматум қойылған еді», – деген еді сол кезде Тумсо Абдурахманов.