Кадыров: Біз Ичкерия үшін соғысып жатқанда, сендер қайда болдыңдар?
ГРОЗНЫЙ. 31 қаңтар. Шешенстан лидері Рамзан Кадыров бүгін күтпеген жерден үндеу жасап, Ичкерияның азаттығы жолында соғыс болғанын растап берді. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.
«Польшадан естілген «Шешенстан тәуелсіздікке жетуге еңбек сіңірді» деген мәлімдемені Рамзан Кадыров қызық сипатта қабылдады», – делінген хабарламада.
Шешенстан басшысы бүгін күтпеген жерден Батыс елдеріне өзінің үндеуін арнады. Ол Батысты «шешендер Ресейден тәуелсіздік алу жолында күресіп жатқанда, генерал Джохар Дудаевтың тәуелсіз Ичкериясына қолдау көрсетпеді» деп айыптады.
Кадыровтың видеоформаттағы жаңа «баянына» Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкидің бүгінгі Ресейді жайлаған халықтарға азаттық әперген дұрыс болатыны жайлы жақында жарияланған мәлімдемесі желеу болыпты. Поляк үкіметінің басшысы онда бұған дейін өз бостандығы жолында күрескен Шешенстанды ең алдымен атап өткен еді.
Бұған «Путин қолбасшысының» реакциясы көп күттірген жоқ.
«Біз тәуелсіздік мүддесін ал тартып, Ичкерия үшін соғысып жатқанда, сендер қайда болдыңдар? Еуропа елдері неге сонда бізді қазіргі Украинаны қорғап жатқандай қолдамады?», – деген сауал қойды ол.
Кадыров осылай Шешенстанның тәуелсіз болғанын көргісі келетінін ашықтан-ашық мойындады, алайда мұның экономикалық себептерге байланысты қазір мүмкін емес екеніне тоқталды, өйткені, Шешенстан өз тәуелсіздігін ала қалған жағдайда Ресейдің орасан зор дотациясынан қағылады, ал елді ұстап тұруға кететін шығындарды өз бетінше жабуға шамасы жетпейді.
«Біз қаншама дербес мемлекет болғымыз келсе де, оны ешбір жүзеге асыра алмаймыз, себебі, бір жарым миллион тұрғынды ішіндіру, киіндіру керек», – деп ашығына көшті Кадыров.
«Путин режимінің негізгі діңгектерінің бірі өздеріне ешқандай да Ресейдің керегі жоқ екенін, Шешенстанды РФ құрамында ұстап тұрған жалғыз нәрсе бүкіл Ресейдің шешендерге төлеп тұрған алым-салықтары екенін ашық айтты», – деп түсіндірді Шешенстан басшысының сөзін украин журналисі Денис Казанский Тelegram-каналда.