Путин Украинадағы жеңілістің жүгін ресейліктерге аудара салмақшы
МӘСКЕУ. 19 қараша. Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы жеңілістің айыбын ел халқына қарай аудара салатын пиғыл танытып отыр. Бұл туралы «Генерал СВР» хабарлады.
Бұдан бір күн бұрын Путин күштік және әскери блок өкілдерімен кеңес өткізді. Онда Жаңа жылдан кейін елдегі соғыс жағдайы жарияланатын аумақтың көлемін ұлғайту жайы талқыланды. Соның ішінде оның Мәскеуге қатысты жағы да қарастырылды.
«Мобилизацияның жағдайы бұдан да қызықтылау. Ішінара мобилизацияның екінші толқыны (оны нешінщі деп атаса да бәрібір) осылай қаңтардың екінші жартысы мен ақпанда Мәскеуге соғыс жағдайын жариялауға ұласып кететін сияқты». – деп жазады канал авторы.
Путин шағын шеңберде ішінара емес, енді толық мобилизация жариялау керектігі хақында сөз қозғаған көрінеді. Онысы соғыстың басталғанына бір жыл толуына қарай қолға алынатын сияқты. Әйтпесе, жаңажылдық мерекелерден кейін, 9-13 қаңтар аралығында ол халыққа үндеу арнап, кең ауқымды мобилизация жариялаумен бірге, соғыс жағдайы енгізілетін аумақтарды да ұлғайта түсуі мүмкін.
«Әрине, барлық варианттарда да ең алдымен мобилизациялық жас резерві категориясындағы кісілердің елден шығуларына жол бермеу үшін шекара жабылады», – деп жазады басылым.
Путиннің ойынша, бұл соғыс «халықтық» болуы тиіс, сондықтан талқыланып жатқан шаралар сондай сипатқа ие болуы қажет. Кремль қожайынының бұл көзқарасын Сергей Кириенко жеткізді.
Жиындағы түйіннің бірі соғыстағы жеңіс Путиннің жеке қол жеткізген жетістігі болып саналуы керек болса, жеңіліс Ресейдің барлық азаматтарына телінетін жауапкершілік болып табылады.