Украина Қара теңіз флотының сүңгуір қайықтарын нысанаға алды
МӘСКЕУ. 20 қараша. Украина Қарулы күштері Ресейдің Қара теңіз флотының соңғы сүңгуір қайығын жойып жіберуге қазір-ақ дайын отыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Ресейдің Қара теңіз флотының көп бөлігі қазір украин дрондары жете алатындай қашықтыққа тұр.
«Украина Қарулы күштерінің су асты дрондары бұдан бірер күн алдын Новороссийск портына шабуыл жасады», – деп хабарлады ресейлік Mash және «Рыбарь» телеграм-каналдары. «Осы портқа жақын жерде Қара теңіз флотының бір бөлігінен көшіріп әкелінген әскери-теңіз база орналасқан. Демек, украин беспилотниктері енді бұған да жете алады», – деп жазады Naval News басылымы.
Украин дрондары «Шесхарис» мұнай айлағына шабуыл жасаған. Тек оқиғаның қай уақытта болғаны жайлы деректер ғана әр алуан. Mash айлақта 18 қараша күні түнде жарылыс орын алды деп жазса, «Рыбарь» қарашаның 16-сынан 17-не қараған түні шабуыл жасалғанына куәлік етеді.
Порт Украина Қарулы күштерінің қазан айының соңында Севастопольдегі Қара теңіз флотына тап осы дрондармен шабуыл жасағанын жазады Mash. Осының өзі украин беспилотниктерінің Новороссийскідегі әскери базаға емін-еркін жете алатынын көрсетеді, деп атап көрсетті Naval News.
Басылым жазғандай, Новороссийскідегі ірі соғыс-теңіз базасы мұнай терминалынан оншама шалғай емес. Одессадан 675 шақырым қашықта, Севастопольге қарағанда, украин территориясынан айтарлықтай алыста орналасқандықтан, база осы кезге дейін қауіпсіз саналып келді. «Украина Қарулы күштері 29 қазанда Севастопольге шабуыл жасағаннан кейін Қара теңіз флотының бір бөлігі тап осы Новороссийскіге жіберілді», – деп жазды АҚШ-тың Әскери-теңіз институты (USNI бұдан бұрынырақ спутниктен түсірілген суреттерге сілтеме жасай отырып. Сол жолы Ресейдің әскери басшылығы бүкіл флотқа қарағанда, теңіз дрондарының қауіптірек екенін мойындағандай болып еді. Сөйтіп, кемелерді бір мүйіске апарып тығып қойды. Алайда, сайтандай сарт ете қалатын ұшқышсыз ұшақтардың қанаты алыстағы портқа да емін-еркін жете алатындай межеге келіп қалған екен.
Базада қазір Украинадағы соғысқа тікелей қатыстары болған әскери корабльдер тұр. Мәлімет бойынша, олардың арасында қыркүйек айында Севастопольден жеткізілген «Кило» класты сүңгуір қайықтар да бар. Қара теңіз арқылы украин жеріне десант түсірген бірқатар соғыс кемелері де осында.
Бүгін таңертең спутниктер түсірілген суреттер көптеген соғыс кемелерінің портта тұрғандарын көрсетті.