Украина Ресеймен соғысты көктемге қарай жеңіспен аяқтайды
КИЕВ. 19 қараша. Украина қорғаныс министрінің орынбасары, генерал майор Владимир Гаврилов Ресеймен соғыстың алдағы көктемге қарай аяқталатынын баяндады. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.
Гаврилов мұны Sky News-ке берген сұхбатында жария етті. Ол украин күштері биылғы желтоқсан айының соңына дейін Қырымға оралады деп есептейді. Генерал-майор Ресей тарапынан өте төменгі мөлшерде ядролық шабуылдың орын алу ықтимал екенін айта отырып, оның зардаптары бола қоймайтынына сенім білдіреді. Украина Қарулы күштері енді РФ тарапынан болатын кез келген шабуылға қарсы тұра алады, мұнымен қоймай, оккупанттар басып алған территориялардың бәрін қайтарады.
«Қазір украин қоғамында бір ғана шешім бар, біз ақырына дейін барамыз», – деді ол.
Еске сала кетейік, мұның алдында Украина қорғаныс министрі Алексей Резников 2022 жылдың соңына дейін украиндарды майдандағы ахуал туралы «жақсы жаңалықтармен» қуандыратын күн туатынын мәлімдеген еді. Бірақ ол соғыстың қашан аяқталатынын әзір айта алмайтынын білдірген болатын.