Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Украин әскерлері оңтүстік бағытта қадыровшыларды қолға түсірді

КИЕВ. 22 қазан. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері оңтүстік бағыттағы майдан шебінде бір топ қадыровшыларды тұтқынға алды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

Украина Қарулы күштері елдің оңтүстігінде сәтті операция жасауды жалғастырып келеді. Солардың бірінің нәтижесінде ресейлік оккупанттардың бір тобы тағы да қолға түсті. Олардың арасында шешен содырлары – қадыровшылар да бар.

Атап өтетін жайт, шешен сарбаздарын қолға түсіру оңай емес. Себебі, олар ешқашан майданның алдыңғы шебінде жүрмейді, каратель жасағының жендеттері есебінде шептің екінші не үшінші легін ұстап тұрады, тікелей соғыс қимылдарына қатыспайды. Ресей командованиесі қадыровшыларды алдыңғы шептегі жауынгерлердің кері шегуінулеріне жол бермей, оларға тосқауыл қоятын жазалаушы отряд ретінде пайдаланады.

Еске сала кетейік, 21 қазан күні Қадыров жасағы жауынгерлерінің Херсон жерінен қашып бара жатқандары жайлы ақпар тарады. Ресей жалдамалылары Петровский атындағы Херсон машина құрылысы зауытының базасында орналасқан еді. Олар бұл жерден барынша салтанатты жағдайда – бронды «Тигрлермен», көздеріне көзілдірік тағып, музыка қойып аттанды. Қаланы соңғы рет көріп тұрғандарын сезсе керек.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button