Алматы әуежайында ресейлік оппозиционер қамауға алынды

АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. Ресейлік оппозиция белсендісі Юлия Емельянова басқа елден келіп тұрған жерінде Алматы әуежайында қамауға алынды. Бұл туралы BBC ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейлік белсенді Қазақстан арқылы транзитпен ұшып бара жатқан. Ол сосын Ресейдің өтінішіне сәйкес ұрлық бабы бойынша іздеуде жүргендіктен, паспорттық бақылауда ұсталып қалды.
Құқық қорғаушылар бұл іс оның азаматтық белсенділігінің арқасында ойдан шығарылған деп есептейді, сабебі, Украинадағы соғысқа дейін бұл қыз Навальныйдың Санкт-Петербургтегі штаб-пәтерінде волонтер болған. Қазір ол Алматыдағы тергеу оқшаулағышында, Ресейге экстрадициялануы мүмкін.
«Ол басқа әуежайдан басқа елге транзиттік рейс жасады. Қалаға шығып, бір әуежайдан екінші әуежайға жету үшін паспорттық бақылаудан өтті. Мұнысы үлкен қателік болды», – дейді 34 жастағы Емельяноваға құқықтық қолдау көрсететін Қазақстан халықаралық адам құқықтары бюросының заңгері Артур Алхастов Би-би-си тілшсіне.
Қазақстандық шекарашылар бойжеткенді ҰҚШҰ елдерінде іздеуде жүргендіктен ұстаған. Ресейде қызға 2021 жылы Санкт-Петербургте такси жүргізушісінің телефонын ұрлады деген айыппен Қылмыстық кодекстің 158-бабы (ұрлық) бойынша іздеу жарияланды.
Соғысқа қарсы ресейліктерге (Ресейде «шетел агенті» деп танылған) көмектесу жөніндегі Ark жобасы жазғандай, 2021 жылдың қыркүйегінде Санкт-Петербургтегі кұһүштік құрылымдар Емельянованы түнгі көйлекпен үйінен алып кеткен, ал полиция бөлімінде олар ұрлығы үшін айып тағылған телефонын көрсеткен.






