ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

АҚШ Ресейден украин балаларын іздеу жобасын жауып тастады

УАШИНГТОН. 20 наурыз. АҚШ әкімшілігі соғыс кезінде Ресейге күштеп әкетілген украин балаларын бақылайтын бағдарламаның жұмысын жарты жолда тоқтатты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Трамп әкімшілігі Ресейге күштеп әкетілген украиналық балаларды іздеу және Украинадағы ресейлік әскерлер жасаған болжамды қылмыстардың басқа дәлелдерін жинау бағытында жұмыс істеп тұрған бағдарламаны аяқтады. Reuters агенттігінің 19 наурыз, сәрсенбі күнгі жазуынша, шешім Украинадан ұрланған 30 мыңға жуық украин балаларының спутниктен түсірілген суреттері мен биометриялық деректері, яғни үлкен көлемдегі ақпаратқа қолжетімділік жоғалатынын білдіреді,

Бір күн бұрын The Washington Post газеті де мәнбелер мен құжаттарға сілтеме жасай отырып, Йель гуманитарлық зерттеу зертханасы (Yale HRL) бастаған бастаманың жабылғаны туралы хабарлады. Мәліметтерге сәйкес, АҚШ мемлекеттік департаменті ақпан айында бағдарлама қызметкерлеріне келісім-шарттарын бұзылғанын хабарлаған.

Reuters агенттігінің Ресейге күштеп әкетілген украин балаларын қадағалау бағдарламасымен таныс ақпарат мәнбелерінің бірінің айтуынша, АҚШ әкімшілігінің шешімі 26 миллион доллар қаржының көмегімен жиналған соғыс қылмыстары туралы айғақтарды жойып жіберуге апарып соқтырады.

Бұл тек украин балаларын Ресейге күштеп әкетті деген айыптың негізінде Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚК) іздеуінде жүрген Ресей президенті Владимир Путинге ғана көмектесе алады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button