Ресейліктер садистерге айналды: жұртта психикалық ауытқушылық бар
КИЕВ. 19 қазан. Ресей садистердің еліне айналды: сарапшылар мұндағы жұрттың көбінің психикасында ауытқушылықтар бар екенін атап көрсетті. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
Ресейдің Украинадағы соғысы әсерінен қатардағы көптеген ресейліктердің ауыр психологиялық ауытқушылықтарға тап бола бастағаны байқалып отыр. Сондықтан олардың көбі қазір Ресейдің оккупант әскерлерінің Украинадағы азаматтық инфрақұрылымдар мен бейбіт тұрғындарды аяусыз атқылауларына өздерінің шын қуанатындарын білдіріп жүр. Бұл – садизмнің бірден-бір белгісі. Разумков атындағы халықаралық жобалардың үйлестірушісі, сыртқы саясаи бағдарламасының тең төрағасы, әскери сарапшы Алексей Мельник осындай пікір білдірді. «Бұл – өте дабылды ескерту, себебі, психологиялық ауытқушылық қазір Ресей қоғамы деңгейіне, бүкіл ел деңгейіне жетіп тұр», – деп атап өтті ол.
Сарапшынының айтуынша, елдің халқы бүгінде түгелге жуық психоз хәліне көтерілген. Мельник мұндай тенденцияның ел тұрғындарының әлеуеттік желіде жазып жатқан ойлары мен пікірлерінен де анық көрінетінін білдірді.
«Ресейліктер, өздері айтатындай, Украинаны «Тас ғасырына қуып апарып тастағандарына» шын жүректен қуанатындарын әрдайым байқатып отыр. Бұл – біреудің азап шеккеніне екінші адамның шынымен қуанатынынан анық байқалатын садизмнің абсолютті нақты белгісі», – деп атап көрсетті Мельник.
«Осыдан олардың өз жағдайлары дұрыс болып кете ме? Жоқ, әрине. Бірақ, қалай десек те, олар осыған шексіз қуанып жүр», – дегенді қосты сарапшы бұған.
Мельниктің берген бағасы бойынша, Кремльдің басшысы Владимир Путин өз армиясының ұрыс даласындағы сәтсіздіктерінің орнын толтыру үшін украин қалаларын камикадзе-дрондармен және зымырандармен атқылауды қолға алып отыр. Ішін күйік жайлаған ол осылай бейбіт қалаларды қирату арқылы кегін қайтаратын ар-ождансыз әрекетке баруда. Оның осы садизмі ресейліктерге ауып жатыр.
Суретте: сондай садист әйелдердің бір тобы