Херсон: Оккупанттар жұртты Днепрдің сол жағалауына көшіруде
КИЕВ. 19 қазан. Ресей оккупант армиясы кешеден бері Херсон тұрғындарын Днепр өзенінің сол жағалауына күштеп көшіріп жатыр. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Херсонның гауляйтері, яғни оккупанттар қойған жаңа басшысы Сальдо 18 қазанда қала мен оған қарасты төңіректегі селолар тұрғындарын Днепрдің сол жағалауына қарай көшуге шақырған.
Сатқынның осыған байланысты жасаған мәлімдемесі Telegram-каналда жарияланды.
Сальдо оккупациялық биліктің Бериславская, Белозерская, Снегиревская, Александровская қауымдастықтары тұрғындарын көшіретінін айтты.
Депортацияның мақсаты – Ресей командованиесі күтіп отырған УҚК әскерлерінің жаппай қауырт шабуылы. Коллобрант мұнымен қоса, төмендегі елді мекендерді су алуы үшін Каховка ГЭС-і жарып жіберілетінін мәлімдеді.
Сальдо мәлімдемесінің жай сөз емес екенін ресейлік пабликтер де айғақтап беріп жатыр: олардың бәрі жақында бұл жерде қырғын шайқас болғалы тұрғанын жазуда.
Бұған қоса, шын мәнінде фантастикалық деп қабылдауға тұратын хабарлар да таратылуда. Мысалы, Зеленскийдің алдына қарашаның ортасында өтетін G20 саммитіне дейін оң жағалауды толық азат ету міндеті қойылыпты-мыс. Ал ресейліктер оң жағалауды қорғап қалу үшін мұнда мобилизациямен келген 100-150 мың жауынгерді төгіп тастамақшы екен.