Грузия шекарасына Ресейдің БТР-лары апарып қойылды
МӘСКЕУ. 26 қыркүйек. Бүгін Ресей армиясының БТР-лары Грузияның «Жоғарғы Ларс» шекара бекетіне қарай бет түзеді. Бұл туралы «Новая газета – Европа» хабарлады.
Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Грузиямен шекарадағы «Жоғарғы Ларс» шекара бекетіне неге РФ армиясының БТР-лары бара жатқанын түсіндірді.
РБК тілшісіне ФСБ офицерлері мұның Ресейден барған азаматтардың «шекарадағы бекетті бұзып-жарып, ары қарай өтіп кетуге әрекет етпеулері үшін» жасалғанын жеткізді.
«БТР онда қарай бара жатыр, бірақ әлдеқандай бір блок-пост құру үшін емес, жалпақ тілмен айтқанда, әлдеқандай формалды тіркелулердің өзін ысырып тастап, пунктті бұзып-жарып өткілері келетін азаматтарымыз болса, соларға тосқауыл қою үшін жіберілді. Тек осы мақсатта. Ешқандай блок-пост болмайды. Бақылау пункті штаттық режимде жұмыс істей береді, ешқандай шектеу қойылмайды», – деді ол бұдан әрі.