АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Грузия кедені Ресейден жұрттың ағылып келіп жатқанын мәлімдеді
ТБИЛИСИ. 23 қыркүйек. Грузия-РФ мемлекеттік шекарасындағы «Казбеги» кеден бекетінен Ресейден келген келімсектер тоқтаусыз ағылып өтіп жатыр. Бұл туралы «Новости-Тбилиси» хабарлады.
Грузия қаржы министрілігінің табыстар қызметі Ресей жағынан келіп жатқан көліктер керуенінің бірнеше шақырымға созылатынын баяндады.
Кеден мәліметі бойынша, Жоғарғы Лара ауданында «кеден бақылау бекетінен ішке қарай 24 сағат бойы, ешбір тоқтаусыз тауарлар, автокөліктер құралдары өтуде».
Кеден сондай-ақ соңғы он күнде «Грузияның мемлекеттік шекарасы арқылы ішке кіруші және сыртқа щығушы көліктер арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ» екенін баяндады.