Кұл-Мұхаммед ресейлік депутат мәлімдемесіне жауап қайтарды
АСТАНА. 23 қыркүйек. Қазақстан Парламенті Сенаты халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік депутаттың Қазақстанға байланысты айтқан сөзіне жауап қайтарды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Кеше, 22 қыркүйек күні Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин «Қазақстанның Ресейге қатысты жолы тайғанақ» деп мәлімдеген еді. Ол «РФ-мен құрлықтағы шекарасы ең ұзын ел өзінің мұнысына қатты опынып қалады» дегенді айтты.
Ресей депутатының бұл сөзіне бүгін Парламент Сенаты халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед нақпа-нақ жауап қайтарды.
«Депутат Затулин өзінің танымдылық рейтингісі түсе бастаса болды, бірден арандатушылық мәлімдемелерін оңды-солды сермей бастайды. Бұрын да солай болған және жалғыз мәрте емес. Қазақстан банктері «Мир» картасына қатысты барынша дұрыс әрекет етті. Біріншіден, екінші деңгейдегі барлық банктер жекеменшік болып табылады, тиімділігі мен қолайлылығына қарай қандай банк картасымен жұмыс істеу керек екенін олардың өздері анықтайды. Екіншіден, «Мир» картасына төңірегінде шу мен жанжал көбейіп кетті. Ал ақша тыныштықты жақсы көреді», – деді ол.
Осы ретте Мұхтар Абрарұлы депутатқа өзі сияқтылардың кесірінен қиын жағдайға тап болғандар қатарындағы өзінің жекеменшік банк жүйесі үшін «алаңдаушылығы» мен «көңілі толмаушылығын» сақтауды сұрады.
Бізге жол көрсетпес бұрын ол алдымен өзінің санкциялық тізімнен қалай шығып кететіні жайлы ойлансын. «Жолы тайғақ Қазақстан» деген тіркес авторының өзі әлі күнге дейін тайғақ жолдан шыға алмай келеді.
Ресейлік депутат осы жазда біздің елде «Украинадағы жағдайдың болып кетуі әбден мүмкін» екенін айтып, дөңайбат көрсеткен еді. Мұхтар Құл-Мұхаммед осыған байланысты оған алдымен «өзінің бұзалаң басын және үстірт айтылатын ойлары мен сөздерін тәртіпке келтіріп алуға» кеңес берді.