Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Мария Боровкова ескек есуден әлем чемпионы атанды

БУДАПЕШТ. 3 қыркүйек. Кеше қазақстандық Мария Боровкова Венгрияда өтіп жатқан ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жерлесіміз жастары 23-ке дейінгі жастар мен жасөспірімдер арасында сынға түскен. Мария каноэның жалғыздық жарысында 1000 метр қашықтықта чемпион атанды. Ол 4:35.69 нәтижесін көрсетті.

Мария биыл мектеп бітірді. Ол – Орал қаласынан. Өз анасы Елена Боровкованың қол астында жаттығады. Әпкесі Анастасия да жаттықтырушы болып істейді.

Биылғы жылы Мария Бровкова Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button