Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Бокс: Қазақстанға екінші алтын медальді Алуа Балқыбекова әперді (видео)

БЕЛГРАД. 16 наурыз. Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы чемпионатында Алуа Балқыбекова чемпион атанды. Бұл туралы vesti.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осылайша Алуа 50 келіге дейінгі салмақта финалда жөңгелік Ху Мэйиді 5:0 етіп тізе бүктіріп, Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды.

Бұл – Алуаның жаһандық жарыстағы бірінші алтын медалі. Бұған дейін ол 2022 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2023 жылы қола жүлдегері атанған еді. Енді осымен чемпионаттың барлық медалін түгендеп алды.

Жеңіске жетер жолда Алуа кениялық Вероника Нзиваны, марокколық Ясмин Мутакиді, түрік Айсен Ташкинді және КХДР өкілі Ан Кум Белді жарыс жолынан шығарып тастаған еді.

Бүгін мұның алдында 48 келіге дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай ресейлік Юлия Чумгалакованы 5:0 етіп ұтып, алтын медальге қол жеткізген болатын. Ол осымен Қазақстандағы үш дүркін әлем чемпионы атанған бірінші былғары қолғап шебері болып отыр.

Алда бізді Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг) және Елдана Тәліпова (+81 кг) чемпиондық үшін таласатын финалдық жекпе-жектер күтіп тұр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button