Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

РФ Украинаның соққыларынан соң Қырымнан ұшақтарын әкетті

МӘСКЕУ. 26 тамыз. Украинаның бірнеше мәрте жасаған сұрапыл соққыларынан қорыққан Ресей қорғаныс министрлігі авиациясын Қырымнан алып кетті. Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.

«Ресей «Саки» әскери аэродромындағы жарылыстардан кейін Қырымнан он истребителін эвакуациялады. Business Insider мәліметі бойынша, бұдан әрі де ұшақтарынан айырылып қалмау үшін түбектен алты Су-35 және төрт МиГ-31 басқа жаққа әкетілген», – делінген НАТО-ның 22 тамыздағы құпия есебінде.

«Бәлки, Ресей Украина тарапынан бұдан әрі жасалатын шабуылдардың жолын кесу үшін әуе әскерлері күштерін Қырымға жинастыратын шығар», – делінген құжатта. НАТО-ның мәліметі бойынша, Ресей Қырымнан истребительдерін шығарып, мұндағы Әуе қорғанысы күштерін нығайтады. НАТО-дағылар Ресей Украина шабуылдарына төтеп беру үшін Қырымда «жер-әуе» класындағы тактикалық ракеталары, соның ішінде беспилотниктері санын арттырған деп есептейді.

«Ресейдің ПВО жүйелері нысана ретінде украинның БПЛА-ларына қатты қарсы тұра алмайды», – делінген НАТО баяндамасында.

Солтүстік альянстың мәліметін бойынша, Севастополь түбіндегі Бельбек «Ресейдің Украинаның оңтүстігі мен Қара теңіздегі күштеріне қолдау көрсететін басты аэродромы болып қала береді».

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button