Ресейдің Қырымда апатқа ұшыраған ұшағында 26 адам қаза тапты

МӘСКЕУ. 1 сәуір. Ресей Қорғаныс министрлігі Қырымдағы «Ан-26» ұшағы апаты салдарынан 29 адам қаза тапқанын растады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей бақылауындағы Қырым үстінде жоспарлы ұшу кезінде «Ан-26» әскери әуе көлігі ұшағының апатында 29 адам қаза тапқанын баяндады. Ресейлік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, ұшақ жартасқа құлаған.
Кремль аннексиялаған Қырым үстінде жоспарлы ұшу кезінде Ан-26 әскери көлік ұшағының апатында 6 экипаж мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл туралы сәрсенбі, 1 сәуірге қараған түнде мәлімдеді. Әскери ведомствоның мәліметінше, ұшақпен байланыс 31 наурыз күні кешке, сағат 18:00 шамасында үзілген.
«Іздеу-құтқару тобы «Ан-26 апат» орнын тапты. Оқиға орнынан алынған хабарламаларға сәйкес, борттағы 6 экипаж мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты», – деп атап көрсетті министрлік. Онда «ұшаққа сырттан ешқандай зиянды әсер болмағаны» айтылған.
«Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі. «Интерфакс», «РИА Новости» және «ТАСС» мәнбелері ұшақтың жартасқа құлағанын айтады.






