Әзербайжан әскерлері Лачын қаласына келіп кірді
БАКУ. 26 тамыз. Әзербайжан президенті, Қарулы күштердің бас қолбасшысы Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен Әзербайжан әскерлері Лачын қаласына кірді. Бұл туралы Oxy.az хабарлады.
«Әзербайжан әскерлері Таулы Қарабақ деп аталған жерде 1992 жылы жүрген соғыстан кейін Арменияның бақылауында қалып қойған Лачын қаласына кірді», – деп жазды «Украинская правда».
Ал Әзербайжан президенті әлеуметтік желіде мынадай жолдар қалдырды:
«Бүгін, 26 тамызда, біз, әзербайжандар, Лачын қаласына оралдық. Әзербайжан армиясы Лачынға орналасты. Забух және Сус ауылдары бақылауға алынды. Лачын мен Әзербайжан Республикасының тұрғындарын осы оқиғамен құттықтаймын».
Әзербайжан әскерлерінің қалаға оралатыны жақында белгілі болды. Сол кезде Лачыннан шұғыл көшкен армяндар отбасыларының өздері 30 жыл мекен еткен бұрынғы әзербайжан тұрғындар үйлерін жаппай өртеп кетіп бара жатқандары айтылды. Мұны Ресей тұрғындарына дейін қатты айыптады.
Еске сала кетейік, Лачын дәлізі – Армения мен Қарабақ республикасы арасын жалғайтын жалғыз маршрут. Бұл жабылса, олар енді ішке қарай өте алмайды.
Түркия сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға іле баға беріп, мұны қолдайтындарын білдірді.