«Астанаға» жаңа бас жаттықтырушы келді
АСТАНА. 20 қаңтар. Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Михал Билек «Астана» командасының тізгінін ұстады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Чехиялық маман алдағы күндері команданың бас жаттықтырушы ретінде ресми таныстырылады.
Команда тізгінін ұстауға мүмкіндігі бар кандидаттар арасында сондай-ақ румын Дан Петреску, украин Мирон Маркевич, ресейлік Рашид Рахимов және словак Владимир Вайсс болған еді.
Михал Билек «Астананың» бас жаттықтырушысы тізгінін 2018 жылдан бері атқарған украин Роман Григорчуктен алды. Ол жаттықтырған Қазақстан құрамасы «Еуро-2020» іріктеу кезеңінде 10 ұпай жинаған болатын.
Қазір Михал Билектің жасы 54-те. Ол Қазақстанға дейін өз елінің бірнеше клубында, Чехия құрамасында және Тбилисидің «Динамосында» бас жаттықтырушы болған. Ол жетекшілік еткен Праганың «Спартасы» 2007 жылы ел чемпионаты мен ел кубогын жеңіп алды, ал 2003 жылы Чехияның жастар құрамасы (19 жасқа дейін) Еуропа чемпионатында үшінші орынға көтерілді.