Әлемдегі ең кішкентай адам қайтыс болды
ТАШКЕНТ. 20 қаңтар. Әлемдегі ең кішкентай адам болып бағаланып, Гиннестің рекордтар кітабына кірген непалдық Хагендра Тапа Магар 28 жасында өмірден өтті. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Достарының айтуынша, планетаның ең кішкентай адамы соңғы уақыттары жүрегі ауырып, біраз қиындық көрген. Оның сондай-ақ астма және пневмония ауруларымен ауыратыны белгілі болған. Ол Непал кеселханасына жатқызылған. Бірақ 16 қаңтар күні күндіз жантәсілім еткен.
Хагендра Тапа Магер 1992 жылғы 14 қазанда туған.
Ол туғаннан кішкентай болып дүниеге келген. Сол кезде оның қалпы алақанға сыйып кететін болған. «Денесінің кішкентайлығынан оны шомылдыру да қиын еді», – деп еске түсіреді қазір әкесі.
Магардың жасы 18-ге келгенде бойы 67,08 сантиметр болған. Сол кезде ол бірінші рет Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері назарына түскен. Оны жұрт Италияның 2010 жылы өткен телешоуы кезінде байқап қалған.
Магардың өлімінен кейін планетадағы ең кішкентай адам атағы Колумбияда тұратын Эдвард Эрнандеске өтті. Оның бойы 70,21 сантиметр екен.