ФСО қызметкерлері Путиннің соңынан нәжісін жинап алып жүреді
ПАРИЖ. 11 маусым. Ресей федералды күзет қызметкерлері (ФСО) Владимир Путиннің шетелдік сапарлары кезінде оның нәжістерін қалдырмай теріп алып жүреді. Бұл туралы Paris Match жазды.
Француз журналы Путинді шетелде қоршап жүретін ФСО қызметкерлерінің президенттік үлкен және кіші дәреттерін жинап алып, Мәскеуге алып қайтатындарын атап көрсетті. Осылайша, олар Кремль қожайынының қатаң тапсырмасына сәйкес, шетелдіктердің осы нәжістерді зертханадан өткізу арқылы Путиннің ықтимал кеселдері жөнінде ақпарлар алып қоюларына жол бермеу үшін сондай тірлікке барады.
Журналдың жазуынша, атап айтқанда, Путиннің Сауд Арабиясына 2019 жылғы қазандағы сапары кезінде оның барлық жүріс-тұрысын аңдып, дәретханалардың есігін күзетіп, осындай фекалияның экскорты жүрген.
«Бізге Таяу Шығыс арқылы мәлім болған жанама мәнбелер бұл деликатты миссия ФСО-ның бақылауында болған», – деп жазады басылым.
Күзет қызметінің қызметкерлері Путинның фекалиясын соңында ешқандай із қалдырмай, бәрін түгел арнайы шабаданмен Мәскеуге алып қайту үшін арнайы белгіленген пакеттерге дереу салып алып тұрған.
Мақала авторлары Путиннің 2017 жылы Францияға жасалған сапары кезінде де президент экспременттерін жинап алу практикасы қолданылғанын баяндайды. ФСО сонымен бірге елшілік қызметкерлерінің бұл әрекет жөніндені ақпарды аса құпия жағдайда ұстауларын да қадағалаған.
Биылғы сәуір айында «Проект» басылымы Ресей президенті Владимир Путиннің денсаулық жағдайы жайлы зерттеудің қорытындысын жариялады. Онда РФ лидерінің ұдай бұғы мүйізі ваннасын қабылдап тұратыны, жанында ұдайы медиктер бригадасы жүретіні айтылды.