ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Оккупанттар киевтіктерге КСРО паспортын таратпақшы болған

КИЕВ. 11 маусым. РФ оккупанттары Украинада ұзамай жеңіске жететіндеріне сенімді болғандары сондай, киевтіктерге тарату үшін КСРО паспорттарын ала келген. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Ресейліктер Киев облысын басып алған жағдайда оккупациялық әкімгершілік құрып алып, жергілікті республиканың құрылғанын жариялау үшін жалған референдум өткізбекші болған. Сонымен бірге тұрғындарға арнайы украин тілінде дайындаған КСРО паспорттарын тапсыруды жоспарлаған», – делінген хабарламада.

Украина Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, басқыншылар Киев облысының барлық тұрғындарын есепке алып, оларға КСРО паспортын зорлап тапсыруды ойластырып келген.

Бұған күштік құрылымдардың Бучан ауданының Макаров қаласына жақын жердегі бір үйден табылған бұрынғы КСРО паспортының бланкілері толық дәлел бола алады.

Бір қызығы, паспорттар УССР атынан украин тілінде дайындалған. Яғни, паспорт баяғы кеңес кезеңіндегідей екі тілде – орыс және украин тілінде толтырылған. Мұндай үлгі 1990 жылдан кейін даярланған емес. Демек, РФ оккупанттарының басты мақсаты Кеңес Одағын қалпына келтіру болған. Мұның өзі Ресейдің басқыншылық соғысының Украинамен шектелуі тиіс болмағанын анық айғақтап береді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button