Путин: Ресейді тастап кеткендер кейін өкінетін болады
МӘСКЕУ. 10 маусым. РФ президенті Владимир Путин қазіргі жағдайда Ресейді тастап кетуге шешім қабылдағандардың кейін өкінетінін мәлімдеді. Бұл туралы eadaily.com хабарлады.
Ресей лидері мұны 9 маусым күні жас кәсіпкерлермен кездесуі кезінде айтты.
«Бүгінгі жағдайда әлдеқалай секірген, кетіп қалған, мұндағы іс-әрекеттерін тоқтатуға шешім еткен адамның бәрі артынан мұнысына өкінетін болады. Бұл – қорқыту емес. Олар біздің әлдекімдерді қорқытуымызға байланысты өкініп жүрмейді – біз керісінше қорқытпаймыз. Олар Ресей орасан зор мүмкіндіктері бар ел болғандықтан өкінеді». – деді ол.
Путин елден кетуге тура келген көптеген шетелдік компаниялардың қазір өкініп жатқандарын ауызға алды. Алайда, деп есептейді дейді президент, бұл – «егеменді шешім қабылдай алмайтын осы елдердің ішкі ахуалының» көрінісі.
«Біз – егемен елміз. Біз болашаққа ұмтылуымыз керек. Біз болашаққа ұмтылып жатырмыз. Бірақ болашақ тек сіздер сияқты адамдарда ғана болады, сондықтан ел сіздерге үміт артады», – деді ол.