Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Харьков облысында оккупанттар соғысты жалғастырудан бас тартты

КИЕВ. 10 маусым. Ресейдің 1-армиясының мотоатқыштар бөлімшесі Харьков облысындағы ұрыста алған шығындарынан кейін соғысты жалғастырудан толық құрамда бас тартты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Мұндай бас тартушылықтар Донецк және Луганск облыстарында ұрыс қимылдарына қатысып жатқан бөлімшелер арасында да кездесіп жатыр.

Слобода бағытында дұшпанның 30 батальоны ұрыс қимылдарына қатысуда. Олар тұрақты түрде артиллериядан атқылауды жалғастыруда. Харьков бағытында оккупанттар қорғанысқа көшкен. Олардың басты мақсаттары бұрын басып алған жерлерін бермеу болып тұр. Донецк бағытында да олар елді мекендер мен әскери нысандарды атқылауды үдете түсуде.

Ең қызу ұрыс қимылдары Северодонецкіде жүріп жатыр. Жау қаланы толық басып алғысы келеді, бірақ украин армиясы оған мүмкіндік берер емес. Бахмут бағытында басқыншылар авиацияның көмегіне жүгінді. Сол кезде украин жағы оларды тойтара білді.

Донецк мен Луганск бағыттарында жаудың жеті шабуылы қайтарылды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button