Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

РФ-да қару-жарақ соғыс кезінде үш ауысымда шығарылып жатыр

МӘСКЕУ. 10 маусым. Ресейдің кейбір қорғаныс кәсіпорындары Украинада соғыс басталғалы бері үш ауысымда жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы The Insider хабарлады.

Ресей Әскери-өнеркәсіп кешені комиссиясы алқасы төрағасының бірінші орынбасары Андрей Ельчанинов «Интерфакске» берген сұхбатында кәсіпорындардың мұндай жүктемеге қаншалықты шыдас бере алатынын жайлы өз ойын білдірді.

«Кәсіпорындардың бұлайша қауырт жұмыс істеуі, сөз жоқ, қосымша қиындықтар туғызды. РФ Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдардың қорғаныс өнімдеріне өсе түскен тұтынымдарын қанағаттандыру үшін барлық жиналып тұрған техникалық және адами ресурстар іске қосылды, резервтер қуаты тартылды. Сонымен бірге, процестерді оңтайластыру, қосымша персонал тарту, Әскери-өнеркәсіп кешеннің бас кәсіпорындары үшін екі ауысымды, кейбір кәсіпорындары үшін тіпті үш ауысымды жұмыс тәртібін ұйымдастыру жүріп жатыр. Кәсіпорындардың басым бөлігі қазір екі ауысымда жұмыс істейді», – деді ол.

Ельчанинов сондай-ақ санкция салдарынан шетелдерден электронды-компонент базасын, подшипниктерді, шикізаттар мен материалдарды, өндірісте қолданылатын резина-техникалық бұйымдарды, каучукті, желімдерді, араластырғыштарды, бояуларды алу мүмкін болмай қалғанын айтты.

Сұхбатта ол сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың биылғы жылы 600-700 млрд рубльге дейін жетуі ықтимал екеніне болжам жасады.

Украинада соғыс басталғалы бері Ресей қорғаныс министрлігінің Әскери-өндіріс кешені нысандарында да жиі өрт орын алып жатыр. Бұған сол жерлерде өрт қауіпсіздігі шараларының сақталмауы себеп болуда.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button