Бес жасар қызына қол жүгірткен азғын әке ұсталды
Қызылорда, 19 тамыз. Байқоңыр қаласында өзінің 5 жасар қызына қол жүгіртіп, жыныстық құмарын қандырмақ болған жігіт ұсталды. Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Азғынды көшеде кездейсоқ кездескен куәгерлер құқық қорғау органдарына ұстап берген..
Ресей Федерациясы тергеу комитетінің «Байқоңыр» кешеніндегі тергеу бөлімі оспадар оқиғаның 16 тамызда кешкі сағат 6 кезінде болғанын баяндады. Қаладағы Королев даңғылы бойындағы автобус аялдамасында 33 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде бес жасар қызына қатысты сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасаған.
«Тексеру барысында оқиға расталды. РФ тергеу комитетінің «Байқоңыр» кешеніндегі тергеу бөлімі РФ Қылмыстық кодексі 132-бабы – 14 жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасау бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп мәлімет берді ведомство.
Қазіргі таңда күдікті абақтыда отыр, тергеушілер сотқа тергеу аяқталғанға дейін оны құлып астында ұстау туралы өтінішхат жіберді.