Путиннің ықтималды үш ізбасарының аттары аталып жатыр
ЛОНДОН. 30 мамыр. РФ президенті Владимир Путиннің орнына келуі мүмкін ізбасарлардың аттары аталып жатыр. Бұл туралы ағылшынның Mirror газеті хабарлады.
«РФ президенті Владимир Путиннің төңірегіндегілер оның қазіргі таң қаларлық әрекеттері мен агрессиялық мінез-құлқын барған сайын қызу талқылай түсуде. Нәтижесінде Кремльде оның орын алуы мүмкін ізбасарлары мен өзін бақылауға алу жөніндегі күрес жайында айтыла бастады», – делінген хабарламада.
Басылым атап өткендей, қазір «Кремль акуласы бар бассейнге ұқсайды. Ондағылар түгел соның төңірегінде жүзіп жүр. Егер суда қанның иісі шыға бастаса, бәрі соғысып кетуге даяр».
Mirror қазіргі сәтте РФ-да Путиннің ізбасары ретінде үш адамның мүдуарлығы қарастырылып отырғанын атап көрсетеді. Олардың ішінде Тула облысының 49 жастағы губернаторы Алексей Дюмин басты үміткер саналады. Ол кезінде Путиннің күзетін басқарып, оны бір жолы аюдың шабуылынан қорғап қалған екен.
Екінші фаворит – Астрахан облысының губернаторы және бұрынғы шпион (тыңшы), 52 жастағы Игорь Бабушкин (Ресейде кезінде осындай текті лениншіл революционер болған). Үшінші үзірлі кісі – ФСБ-ның бұрынғы басшысы, Ресей қауіпсіздік кеңесінің қазіргі жетекшісі, Путиннің досы Николай Патрушевтің 44 жастағы ұлы, ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушев.
Путинге алда-жалда бір жағдай болып кетсе, билікке осы үшеуінің біреуін әкелу төңірегінде тайталас не шайқас (соғыс) болып кетуі ықтимал.
Билікті беру де, оны жеңіп алу да оңай емес. Ол үшін күресу керек.