РФ армиясы Украинада екі бағытта шабуылдап жатыр
КИЕВ. 31 мамыр. Ресей Федерациясының армиясы Луганск облысында екі бағытта шабуылға шығып, ұрыс қимылдарын жалғастыруда. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Оккупанттар шабуыл әрекеттерін Северодонецк және Бахмут бағытында қолға алды. Бұдан бөлек, Лиман бағытында да жорық бастап кетуге дайындалуда.
Украина Қарулы күштерінің Бас штабы жариялаған бұл мәлімдемеде басқыншылардың Северордонецкіде біраз ішкері жылжи алғаны айтылады.
«Жау Лиман бағытында топтанып алып, шабуылға шығуға дайындалып жатыр. Лиман елді мекені ауданында бұдан әрі жылжуға барлау жасап алуға әрекет етіп көрді. Бірақ шығынға ұшырап, кері шегінуге мәжбүр болды», – делінген хабарламада.
Орыс әскерлері Бахмут бағытында ұрыс жүргізіп, Золотое, Камышеваха, Нырковое, Берестовое, Покровское, Долмитное селолары аудандарында шабуыл әрекеттерін жасап бақты. Бірақ ешқандай табысқа жете алмады. Шайқас әлі жүріп жатыр.
«Дұшпан Донецк бағытында екі жақтың текетірес желісінде біздің әскерлеріміз бөлімшелерін минометтен, стволды зеңбіректен және дүркінді отты реактивті жүйелерден атқылауда. Қалғандары Северодонецк қаласына бақылау орнатуға күш жұмылдыруда. Олар радиоактивті күрес құралдарын белсене қолдануда» – делінген бұдан әрі.
Ресей Қарулы күштерінің командованиесі өз әскері алдына қалай болғанда да, Северодонецкіні басып алу міндетін қойып отыр. Сол мақсатта адам күшін аяп жатқан жоқ. Оккупанттар сапында қазірдің өзінде оққа ұшып, опат болып жатқандар аз емес.
Агенттік соңғы сәтте хабарлағандай, Донбасс үшін кескілескен шайқас жалғасуда. Ресейліктер қазір Северодонецкінің шетіне кірген, ал Лиманға шабуылды күшейте бастады.
Украина әскерлері кеше жауды Николаевтан қуып шықты, Херсон облысының бір селосын басқыншылар құрсауынан босатты.