Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ұлыбритания баспасөзі Путинді әлдеқашан «өлтіріп» қойды

МИНСК. 30 мамыр. Ақпанның 24-і күні тәуелсіз Украина еліне шабуыл бастаған Ресей армиясы қазірге дейін 30 мыңнан астам әскерилерінен өлідей айрылды. Бұл туралы «Белсат» хабарлады.

Украина Қорғаныс министрлігінің Бас штабы осындай мәлімет беріп отыр.

Хабарламада сондай-ақ Ресей армиясының соғыстағы осы кезге дейінгі техникалық шығындары былай көрсетілген:

1338 танк;

3270 жауынгерлі бронды машина;

631 артиллерия жүйесі;

203 РСЗО;

207 ұшақ;

174 тікұшақ;

13 корабль/катер.

Ресей Қорғаны министрлігі өз кезегінде украин армиясының 182 ұшағын, 128 тікұшағын, 1045 беспилотнигін, 324 зенит-ракета кешенін, 3297 танкісін, 444 дүркінді реактивті жүйе қондырғысын, 1714 далалық артиллериясы мен минометін, сондай-ақ 3245 автомобильді құртқанын баяндайды.

Британияның Daily Star, Express, The Sun және Mirror деп аталатын 4 таблоиды ел барлау қызметінің дерегіне сілтеме жасап, Ресей президенті Владимир Путиннің өліп  қалғанын немесе өлім халінде жатқанын жазды.

Басылымдардың мәліметтері бойынша, Кремль қазір көпшілік алдында жүрген президентті көрсету үшін Путиннің тұрпаттасын пайдаланып жүр. Олар 9 мамырда Путинді осы тұрпаттасы кейпінде көрсеткен. Ал оның сөйлеген сөзіне келсек, ол алдын ала жазылып алынған.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button