Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол. Чемпиондар лигасының бірінші финалшысы анықталды

ВИЛЬЯРРЕАЛ. 4 мамыр. Англияның «Ливерпуль» командасы Испанияның «Вильярреал» клубын қонақта 3:2 есебімен ұтып, Чемпиондар лигасының финалына шықты. Бұл туралы kun.uz хабарлады.

«Сырт алаңда 0:2 есебімен ұтылған «Вильярреал» бірінші таймда Диа мен Кокленнің голдары арқасында ортадағы айырымды жоққа шығарды. Бірақ екінші таймда ойынға Жота Диасты қосқан Клоппқа жағдайды өз пайдасына қарай өзгертіп жіберудің орайы келді. Нәтижесінде 12 минуттың ішінде Фабиньо, Диас және Мане салған голдар Мерсисайд клубы Эмеридің арманын жүзеге асырмай, бәрін орын-орнына қойып берді», – делінген хабарламада.

Финал 28 мамыр күні ойналады. Онда «Ливерпуль» бүгін түнде екінші жартылай финалдық шайқаста ұшырасатын «Реал» (Мадрид) пен «Манчестер Сити» командаларының жеңімпазымен кездеседі. Бұл екі клуб арасындағы Манчестерде өткен бірінші ойында алаң иелері 4:3 есебімен басым түскен еді.

Бүгін «Реал» (Мадрид) пен «Манчестер Сити» арасындағы матч Астана уақытымен сағат 00:01-де басталады.

Еске сала кетейік, ағылшын командасы Еуропа Чемпиондар лигасында соңғы рет 2019 жылы жеңімпаз атанған болатын. «Ливерпуль» барлығы 6 рет құрметті титулға қол жеткізді.

ЕЧЛ. Жартылай финал. Қарымта ойын

Вильярреал Ливерпуль 2:3

3 мамыр. Вильярреал, «Эстадио-де-ла-Серамика» стадионы

Голдар: Диа (3), Коклен (41) – Фабиньо (62), Диас (67), Мане (74).

«Вильярреал»: Рульи, Фойт, Альбиоль (Орье, 79), Торрес, Эступиньян (Тригерос, 79), Ло Чельсо, Коклен (Педраса, 68), Капу, Парексо, Морено (Чуквуэзе, 68), Диа (Пако Алькасер, 80) .

«Ливерпуль»: Алиссон, Александр-Арнольд, ван Дейк, Конате, Робертсон (Цимикас, 80), Милнер, Алькантара (Йонс, 80), Фабино, Кейта (Хендерсон, 79), Сало, Мане, Жота (Диас, 46).

Ескерту: Капу (63), Александер-Арнольд (77), Ло Челсо (81), Пау Торрес (85).

Алаңнан қуылу: Капу (86).

Бірінші матч: 0:2.

 

Түпнұсқасы:

Европа Чемпионлар Лигасида биринчи финалчи аниқланди

Сафарда 0:2 ҳисобида ютқазган «Вильярреал» жавоб баҳсининг биринчи бўлимида Диа ва Кокленнинг голлари эвазига ўртадаги фарқни йўққа чиқарди. Аммо иккинчи бўлимда Клопп Жота ўрнига Диасни майдонга тушириб, вазиятни ўзгартиришга муваффақ бўлди. Натижада Мерсисайд клуби 12 дақиқа ичида Фабиньо, Диас ва Маненинг голлари билан Эмери эртагига якун ясади.

«Ливерпуль» 28 май кунги финалда «Реал» –«Манчестер Сити» (биринчи ўйин – 3:4) жуфтлиги ғолиби билан баҳс юритади.

ЕЧЛ. Яримфинал. Жавоб ўйини

Вильярреал Ливерпуль 2:3

3 май, «Эстадио де ла Серамика»

Голлар: Диа (3), Коклен (41) – Фабиньо (62), Диас (67), Мане (74).

Вильярреал: Рульи, Фойт, Альбиоль (Орье, 79), Торрес, Эступиньян (Тригерос, 79), Ло Чельсо, Коклен (Педраса, 68), Капу, Парехо, Морено (Чуквуэзе, 68), Диа (Пако Алькасер, 80).

Ливерпуль: Алиссон, Александер-Арнолд, ван Дейк, Конате, Робертсон (Цимикас, 80), Милнер, Алькантара (Жонс, 80), Фабиньо, Кейта (Ҳендерсон, 79), Салоҳ, Мане, Жота (Диас, 46).

Огоҳлантиришлар: Капу (63), Александер-Арнолд (77), Ло Чельсо (81), Пау Торрес (85).

Четлатиш: Капу (86).

Биринчи ўйин: 0:2.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button