Украина: Тәуліктегі үміт отын жандыратын жаңалықтар
DonPress Ресей басқыншыларының Украинадағы соғысының 4 мамыр күнгі мәліметтерін жариялады.Топтамада үміт отын жандыратын жаңалықтар берілген.
Жауды жапырып жатыр
Украина Қарулы күштері (УҚК) жауды жапыра соққылауға көшті. РФ әскерлері барлық бағыттарда шабуылдауды доғарып, бар күшін Донецк ауданына төгуде.
Украина Қарулы күштері 92-ші бригадасының жауынгерлері Харьков түбіндегі Молодово кентін жаудан босатты.
Украин әскерилері Змеиный аралындағы ресейлік жауынгерлерді түгел жойып жіберді.
30-шы жеке механикаландырылған бригада сарбаздары ресейлік әскерилердің қару-жарақтар қоймасының күлін көкке ұшырды.
Украиндар Ресей армиясын қару-жарақпен және жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін колоннаны құртты.
УҚК десант-штурм әскерлері 79-шы жеке десант-штурм бригадасының жауынгерлері Украинадағы Ресей әскерлерінің бір бөлімшесінің құрамын толық жер жастандырды.
Украина әскерилері екі тәуліктің ішінде Ресейдің құны шамамен 2 миллион доллар тұратын беспилотниктерін отқа орады.
Украин әскери қызметкерлері 3 мамыр күні Ресейдің Харьков облысындағы «Бук-М2» радиолокациялық станциясын жойды.
Бүгін Черниоговщинада Ресейдің «ЗоопаркМ-1» кешені жойылды.
РФ-ның элиталы шығындары
Украинадағы ұрыстар барысында УҚК әскерлері РФ Қарулы күштерінің 34 жасар капитаны, қазандық Ильназ Кадыровты опат қылды.
Ресей әскерлерінің Украинаға басып кіруі нәтижесінде жүріп жатқан соғыс кезінде РФ танк ротасының командирі Дамир Шаймарданов қаза тапты.
Мариупольді қорғаушылар РФ-ның элисталық майоры Андрей Кунаковты мерт етті.
Ойламаған ойсыраулар
Ресей армиясындағы жауынгерлер өз командирлерінің оғынан өліп кетуден қорқып, көптеген бағыттардағы шабуылдарға амалсыз қатысып жатыр. Себебі, Ресей әскерлері ұрысқа шықпаған өз жауынгерлерін өздері атып тастауда. Оккупанттар украин позицияларына тәулігіне барлық бағыттар бойынша бір мезгілде дерлік он ретке дейін шабуылдап тұрады.
Ресей армиясының жеке құрамдары күн сайын ауыр шығындарға ұшырап жатқанына байланысты Дондағы Ростовтағы әскери клиникалық госпитальдердің жанынан шұғыл түрде модульді типті мәйітханалары бар алаңдар жабдықталып жатыр. Қаланың мәйітханалары мүрделерге толып тұр.
Неге украин әскерлері күшті?
РФ әскерлері күн сайын УҚК қорғаныс шептеріне батальон тактикалық топтарымен штурм жасауға тырысып бағады. Ресей авиациялық және ракеталық соққылармен, реактивті жүйенің залпты оттарымен, барлық калибрлі артиллериялар және минометтер зарптарымен шабуылдарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, украин әскерлері осының бәріне төтеп беріп, көзсіз ерлік көрсетіп жатыр.
Орыстар күнбе-күн әр бағыттағы күштерін нығайта түсуге күш салуда. Сонда да олар алға қарай ендеп кете алып жатқан жоқ.
Мәнбе: қорғаныс күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Сергей Наев.
УҚК әскерилері Харьковке жақын жерде Ресей әскерлеріне қарсы шабуыл жасап, оларды қаладан 40 шақырым қашыққа дейін қуып тастады.
Мәнбе: Пентагон дерегіне сілтеме жасаған Foreign Policy репортері Джек Дейтч.
«Азовстальдегілер» түгел құтқарылады
Украина президенті Владимир Зеленский Мариупольдегі РФ әскерлері қоршап алған «Азовсталь» зауытында жатқан украиндарды құтқарып алудың мүмкіндігі бар деп есептейді. Әзірге бұл жерден 156 адам ғана эвакуация жасалды (әйелдер мен балалар). Билік Мариупольдің «Азовсталь» зауытындағы барлық адамдарды шығарып алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындарын айтып уәде берді
Ресейді жазалаудың тағы бір түрі
Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен ЕО-ның РФ-ға қарсы жасалатын санкцияның алтыншы пакетін тарқатып айтып берді:
- SWIFT-тен Сбербанк және тағы екі банк ажыратылады.
- ЕО Ресейдің үш ірі телекомпаниясының хабар таратуына тыйым салуы мүмкін.
- Еуропада барлық Ресей мұнайына – оның теңізбен және тұрбамен импортталуына тыйым енгізіледі, әңгіме тазаланбаған және тазаланған мұнай жайында болып отыр.
Путиннің ақыры
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен кең ауқымды соғыста өзін тұйыққа апарып тықты. Ол өзіне шегінер жол берілгенімен, оны бассыз әрекеттері салдарынан тиімді пайдалана алмады.
«Ол күлл әлемнің әскери қылмыскері. Бұл – оның ақыры, осы тұйыққа ол өзін өзі әкеп тықты».
Мәнбе: Украина Қорғаныс министрлігі жанындағы Бас барлау басқармасының жетеушісі Кирилл Буданов.
Әлсіз Ресей
Ресей армиясы Украинаға жасаған шабуылы нәтижесінде материалдық жағынан да, концептуалды жағынан да айтарлықтай әлсіреп қалды, енді оны қалпына келтіру қаптаған санкциялар салдарынан қиындай түседі, бұл Ресейдің қарапайым қарулы күштердің өзін дамыту қабілетіне ұзақ уақытқа дейін кері әсер ететін болады.
Мәнбе: Британия қорғаныс министрлігі.
Путин кәсіпқой маман емес
РФ армиясы әлемдегі екінші күшті армия бола алмайды, Ресей қарулы күштері соғыста көптеген параметрлер бойынша күйреуге ұшырады.
«Ресей тіпті Украинада да екінші бола алмайтын шығар. Ол көптеген параметрлер бойынша құлады. Ресей Федерациясын жайлаған жемқорлық, әсіресе, қорғаныс министрлігіндегі коррупция бүкіл әлемнің алдында ашылып қалды»
РФ армиясының сәтсіздігіне тек Ресей президенті Владимир Путин ғана кінәлі емес, сонымен бірге «есте қаларлықтай нашар нәтиже» көрсеткен қорғаныс министрі Сергей Шойгу де айыпты. Бұлардың екеуі де кәсіби әскери маман емес. Ресей флотының барлық артықшылықтарына қарамастан, Украинада ешқандай да табысқа жете алған жоқ.
Мәнбе: АҚШ-тың Еуропадағы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Бен Ходжес.
Ресей әскерилері «сұмдық біліксіз» екен
НАТО-ның Еуропадағы бірлестігінің бұрынғы қолбасшысы Джеймс Ставридис Ресей әскерлері басшыларының осыншалықты біліксіздіктеріне қайран қалып отыр. Соғыстың екі айы ішінде ғана РФ Қарулы күштері өзінің кемінде 12 генералынан айрылды. Қазіргі заманғы тарихтағы соғыстар кезінде осыншалықты генералдың өлтірілу дерегі ешқашан болған емес. Бұл Ресей армиясының «адам таңғалатындай біліксіздігін» көрсетеді.
Ресейдің күші – иллюзия
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кірер кезінде «Ресей күші жағынан әлемдегі екінші армиясы бар, бәріне құдыреті келетін ел» деген қиялдың жетегіне беріліп кетті. Бірақ бұл олай емес еді. Қазір Ресей армиясы күлкіге қалып отыр: ол сарапшылар ойлағаннан да едәуір осал болып шықты.
Мәнбе: Чехия президенті Милош Земан.
Украинаның жеңісі
Украина үшін толық жеңіс қана өз территориясын түгел қайтарып береді. Украинаға бұдан артық ештеңенің керегі жоқ.
Мәнбе: Украина президенті Владимир Зеленский.