Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Бейбіт келісім болмайды, РФ-ның капитуляциясы керек – Арестович

КИЕВ. 3 мамыр. Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович енді Украинаның Ресеймен бейбіт келісім жасаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

Ол осының алдында ғана Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Даниловтың ендігі әңгіме тек агрессор елдің капитуляциясы төңірегінде ғана болатыны жайындағы сөзінің шындық екенін растады.

Арестович Ресей құқық қорғаушысы Марк Фрейгиннің «Фрейгин.Live» бағдарламасына 2 мамыр күні берген сұхбатында: «Данилов – жоғарғы рангадағы шенеунік, ол мұндай сөзді жай айта салмайды», – деді.

«Даниловтың бүгінгі мәлімдемесінің мазмұны: Ресеймен бейбіт келіссөз болмайды, тек РФ-ның капитуляциясы ғана болады. Ол мұндайды жай айта салмайды, ол – жоғарғы рангадағы шенеунік», – деп кесіп айтты президент офисі жетекшісінің кеңесшісі.

Ол сондай-ақ президент офисінің жетекшісі Андрей Ермактың «The Time» газетіне берген сұхбатында айтқан «2014 жылы болған оқиғаларды жаңа отыз жылдық соғыстың басы» деген сөзіне назар аударды. Арестовичтің айтуынша, саясаткер материалда батыс саяси жүйесінің бұзылғанын, ал оны қайта құрып, қалыптастыруға көп уақыт кететінін атап өткен.

«Ол әлемдегі тектоникалық процестердің тіпті 2022 жылы ұрыс қимылдары тоқтаған күннің өзінде тоқтай қоймасына ишара жасады. Себебі, бұл әлемде әлдебіреу өз саясатының мақсатына жету үшін бар күші мен экспансиясын пайдалануға шешім қабылдап, өзінің осы мүдделерін жүзеге асыру жолында бүкіл халықаралық саясат тәртібін, күллі жүйені, келіссөздер мен қолда бар тетіктерді қиратуға кірісіп кетті», – деді Арестович. Бұдан кейін оның қалайда әлем алдында жауап беруіне тура келеді. Мәселе сондықтан да аяқсыз қалмайды.

Еске сала кетейік, 2 мамырда өткен телемарофонның эфирінде Данилов: «Ресеймен ешқандай да уақытша бітімге келу жайы қарастырылмайды. Оккупант әскерлері үшін ендігі бірден-бір жол – бұл олардың тоталды капитуляциясы. Өйткені, барлық уақыт өзінің шегінен шығып кетті», – деген болатын. Ол сонымен бірге украиндарға соғысты жақын арада аяқталып қалады екен деп күтуге болмайтынын ескертіп өтті.

Ал Ресей президенті Владимир Путин алдағы 9 мамыр күні Украинаға ресми түрде соғыс жариялайды деп күтілуде. Оның бұған дейін бұл соғысты «арнайы операция» деп атап, бүкіл әлемге күлкі болып келгені де белгілі.

Кремль осы кезде Ресей қоғамында жалпыға бірдей мобилизация жариялауы мүмкін. РФ осы мақсатта Украинамен щекаралас өңірлер – Брянск, Белгород, Курск облыстарында, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласында әртүрлі нысандарды өздері жарып жіберіп, теміржол бойларынан составтарды құлатып, ақыр соңында жоғарыдағы үш облыстың аумағында бірін-бірі атқылатып қойып, біраз қияңқы арандатушылық әрекеттер жасап бақты. Осы арқылы жергілікті тұрғындардың Украинаға деген өшпенділіктерін оятуға тырысты. Бірақ РФ басшылығының бұл қитұрқы жоспарлары әлем жұртшылығын иландыра алмады, басқа елдер жұрты мұның шын мәнінде қалай болып жатқанын әлі спутниктен көріп отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button