АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Түркия Ресей үшін Сирияға баратын әуе кеңістігін жапты
АНКАРА. 23 сәуір. Түркия Ресейдің Сирияға бағыт ұстайтын әскери және азаматтық ұшақтары үшін жауып тастады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу бүгін осының жайын Ресей тарапына мәлімдеді.
«Біз Ресейдің Сирияға қарай бағыт ұстайтын әскери ұшақтарына және тіпті азаматтық ұшақтары үшін де әуе кеңістігін жаптық. Бұған дейін үш ай мұрсат беріп келгенбіз. Олардың рұқсаты сәуір айына дейін ғана болатын», – деп министрдің сөзін келтірді Sabah газеті.
Түркия Президенті Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл мәселені өзі Владимир Путинге жеткізген.
Бұған дейін Анкара Дарденелл бұғазын да жауып, Жерорта теңізінде жүрген Ресей кемелерін Қара теңізге өткізуді тоқтатып қойған болатын.