Сарапшылар Путин мен Кадыровтың араларына жік түскенін айтып отыр
КИЕВ. 23 сәуір. Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров қазір Владимир Путиннің бақылауынан шығып кетті. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
Украин сарапшысы Олег Ждановтың баяндауынша, Рамзан Кадыров бірте-бірте РФ президентіне бас шұлғып, талассыз бағына беруден кетіп бара жатыр. Ол іс жүзінде өзін Владимир Путинмен бір деңгейге қойып қарастырады.
Мұны біраздан бері сезіп, байқап келе жатқан Кремль басшысы бүгінде шешен елі лидерінің әрекеттерін тіксіне, тыжырына қабылдайды.
Глава Чечни Рамзан Кадыров вышел из-под контроля президента РФ Владимира Путина. Об этом заявил украинский военный эксперт Олег Жданов.
«Ол соңғы жылдары Кадыровты мүмкіндігінше өзінен қашық ұстап, Шешенстан астанасынан көп шығара бермеуге тырысып келеді. Бірақ анау сонда да болса, бұл шеңберден шығып кетіп, өзін өте жоғары деңгейдегі тұлға етіп көрсетуді қоятын емес», – деді сарапшы.
Жданов сонымен бірге РФ-дан бір айырмашылығы, Украина әскерилерінің ешқашан «кадыровшылардан» қорықпағанын, қайта олардың шын мәнінде қандай жауынгер екендерін паш етіп, айдай әлемге масқаралап көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
Ресейде «кадыровшылар» формальды түрде Росгвардияның бір бөлігі болып саналғанымен, оған емес, өзінің федералды басшылығына ғана бағынады. Кадыров жасағы Украинадағы соғыста да РФ армиясына бағынып жүрген жоқ.
«Бұл – Путиннің репутациясына да, билігіне де берілген айтарлықтай ауыр соққы. Росгвардияның бір құрамдас бөлігі болып табылатын 30 мың адамдық қолға шын мәнінде Шешенстанның жергілікті басшысы егелік етіп, басшылық жасайды. Жасақ Ресейдің армиясына бағынбайды. Ол шешен жұрты басшысының жеке армия бөлімі сияқты», – деді Жданов.