Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Херсон жерінде РФ-ның 2 генералы өлтірілді, біреуі – ауыр жаралы

КИЕВ. 23 сәуір. Украин әскерилері Херсонщинада Ресей армиясының екі генералын оққа байлады, ал үшіншісін ауыр жаралады. Бұл туралы DonPress хабарлады.

«Украин әскерилері 22 сәуірде Херсон облысында Ресей жалпы әскерлер армиясы 49-шы басқармасының алдыңғы шебін талқандады. Көздері жойылған ресейлік оккупанттар қатарында екі генерал болды», – делінген хабарламада.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Ресей армиясының тағы бір жоғары шенді өкілі жақында осы «жолдастарының» қатарынан табылып қалуы кәдік екенін айтады. Үшінші генерал қазір өте ауыр халде госпитальде жатыр.

Қазір аталмыш лампас иелерінің аты-жөндері анықталу үстінде.

Украина жерінде соғыс басталғалы бері осымен 10 генерал оққа ұшып отыр.

Бұған дейін өлтірілгендер тізімінде мына марқұмдар бар

  • генерал-лейтенант Мордвичев Андрей – 8-ші гвардиялық жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы;
  • генерал-лейтенант Рязанцев Яков – 19-шы жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы;
  • генерал-майор Герасимов Виталий – 41-ші жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы;
  • генерал-майор Колесников Андрей – Шығыс әскери округі 29-шы жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы;
  • генерал-майор Фролов Владимир – 8-ші армия қолбасшысының орынбасары;
  • генерал-майор Суховецкий Андрей – Орталық әскери округі 41-ші армиясы қолбасшысының орынбасары;
  • генерал-майор Митяев Олег – 150-ші мотоатқыштар дивизиясының командирі;
  • генерал-майор Тушаев Магомед – Шешенстан ұлттық гвардиясы 141-ші моторлы полкының командирі;

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button