Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

«Ресей оккупанттары үй ішінен унитазды көріп, қайран қалды»

КИЕВ. 11 сәуір. Украинаның Чернигов облысын «азат етуге» келген оккупанттардың кейбірі өмірлерінде унитазды бірінші рет осы жерден көргендерін білдіріп алды. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

«Ресей оккупанттары тура үйдің ішінде қалай әжетханаға баруға болатынын түсінбей-ақ қойды. Олар сосын «ғажайып»-құрылғыны өздерімен бірге Ресейге алып кетті», – делінген хабарламада.

Жергілікті әйелдердің бірі ресейлік әскерилердің үйдегі унитаздарды көргенде естерінен танғандай күй кешкендерін, олар үшін мұның таңғажайып жаңалық болғанын айтып берген. Олар Украин Қарулы күштері жауынгерлері келіп, Беларуське қарай қашқан кездерінде осы «ғажайыпты» бұзып алып, өздерімен бірге арқалап әкеткен.

«Оккупанттар унитаздарды сыпырып алып кетті! Олар үйге кірген бойларында: «Мынау не?» деп сұрады. Біз «унитаз» дейміз. – «Ол немене?». Сосын қысық көздерге оның не екенін айттық. «Оны қайтесіңдер?» деп сұрайды тағы. Әжетімізді өтейтінімізді жеткіздік. «Бөлмеде ме? Әжетхана үйде тұра ма?»… Осылай ежіктеп сұрап алғасын, туалетті бұзып, унитазды өздерімен бірге алып кетті… Енді бөлмесіне апарып қойып, дәрет сындыратын шығар», – деді бір әжей.

Ол қазір унитазды бөлмелерінің ортасына қойып қойған шығар, бірақ әжетхана жұмыс істеуі үшін ең әуелі канализация керектігін ұқпаған күйлері кетті, дегенді қосты сосын келесі бір тұрғын.

«Ягодное селосындағылар олардың унитазды үстіне шығып көріп, артынан шешіп алып кеткендерін айтып жүр», – деді тағы бір әйел.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button