«Ресей Приднестровьеде Украинаға жала жабатын әрекет жасайды»
КИЕВ. 11 сәуір. Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Ресейдің Приднестровьеде Украинаны айыптау үшін арандату әрекетін жасағалы жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«РФ Қарулы күштері украин әскерлерін Молдоваға басып кірген сияқты етіп көрсететін әрекет жасауы мүмкін. Оккупанттар осы үшін мойындалмаған Приднестровье территориясында арандатушылық ұйымдастыруы кәдік», – делінген хабарламада.
Бас штабтың баспасөз қызметі агрессор-елдің басшылығы Украинаны көрші елге шабуыл жасаған етіп көрсетуге өте құштар болып отырғанын баяндайды.
«РФ қарулы күштерінің Украинаны көрші елге қарсы агрессия ұйымдастырды деп айыптату мақсатында Приднестровье аймағынан Молдова Республикасына қарсы арандатушылық әрекеттер жасауы ықтимал екенін жоққа шығаруға болмайды», – делінген хабарламада.
Бірақ Бас штабтағылар Ресей күштерінің бұл әрекеттерді қандай сипатта жасауы мүмкін екенін ашып айтпады.
Атап өте кету керек, осының алдында желіде Ресейдің Молдовадан басып алған территориясына БТР колоннасын апарып қойғаны туралы мағлұмат тарады.