25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рязаньда Бучаны басып алған бригаданы басқарған полковник қамалды

4 Шілде 2024 17:53
- Жаңалықтар, Қайнар
Рязаньда Бучаны басып алған бригаданы басқарған полковник қамалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 4 шілде. Рязаньда Украинаның Буча қаласын басып алып, бір ай бойы айуандық әрекет жасаған бригаданың командирі Артём Городилов қамауға алынды. Бұл туралы The «Коммерсантъ» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей мәтбұғатының мәліметінше, федералды қауіпсіздік қызметінің әскери қарсы барлаушылары 83-ші жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасының командирі, полковник Артём Городиловті ұстаған. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Ал Ресейден тыс жерлерде Городилов украинның Буча қаласында бейбіт тұрғындарды жаппай қырып салуға қатысы бар деп есептеледі.

Алайда мына қылмыстық істің бүге-шігесі толық айтылмайды. Басылымның ақпарынша, полковник аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыпқа бұйырылған. Ал РФ заңына сәйкес, 1 млн рубль көлеміндегі ұрлық «аса ірі көлемдіге» жатады.

Бүгін, 4 шілде күні тергеушілер Мәскеудегі 235-ші гарнизонның әскери сотынан оны қамауға алу шарасына пәрмен беруді сұрады.

Городилов 2019 жылдан бері 234-ші гвардиялық десант-шабуыл полкын басқарды. Бұдан бұрын The New York Times анықтағандай, тап осы әскери басшының қарауындағы сарбаздар Буча мен Ирпеньдегі бейбіт тұрғындарды жаппай қырғынға ұшыратуға қатысқан. Басылымның атап көрсеткеніндей, полк басшылығы басқыншылықтың алғашқы апталарында Бучада болған, сондықтан қалада сол уақыттары нендей қылмыстар жасалғанын олардың білмеулері мүмкін емес.

Ресейдің Украинаға басып кіріп, соғыс ашуына бір жыл толуына орай АҚШ жариялаған санкциялық тізімде аталмыш полковниктің болуы да тектен тек болмаса керек.

РФ басқыншы армиясы Бучаға 2022 жылғы 25 ақпанда, яғни соғыс басталған күннің ертеңіне басып кірді. Журналистердің зерттеулері деректері бойынша, украин қалаларының бейбіт тұрғындарын қыру зобалаңы тап осында басталған. 3 наурызда Украина Қарулы күштері Бучаны толық жау қолына тастап шықты. Қала 28 күн бойы Ресей әскерилерінің басқыншылығында болды. Оны украин қорғаушылары азат еткеннен кейін бүкіл әлем РФ армиясының бұл қалада жасаған барша айуандық әрекеттерінен хабардар болды. Олардың қатарында бейбіт тұрғындарды ермекке атып өлтіру, ұрып-соғу, зорлау, тонау әрекеттерінің әлденеше ондаған фактілері анықталып тіркелді. Сол күндері Бучада 400-ден астам тұрғын оққа ұшты.

Таңбалар: алаяқтықАртем ГородиловБучажемқорлық

Ұқсас мақалалар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген
Жаңалықтар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген

25.06.2026
Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды
Жаңалықтар

Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды

13.04.2026
Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды
Жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды

13.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist