«Сіздердің мәдениеттеріңіз бен адами кейіптеріңіз жоғалды»
Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктерге осылай деді
КИЕВ. 4 сәуір. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей халқына үндеу арнап, Киев облысындағы ахуалдан кейінгі олар жайында түйілген ой-тұжырымдарын білдірді. Бұл туралы Segodnua.ua хабарлады.
Ол Бучада, Ирпеньде, Гостомельде өліп жатқан адамдарды әрбір орыс солдаты анасының көргенін қалайтынын мәлімдеді.
Зеленский Ресейдің қалпы енді олардың Бучадағы, Ирпеньдегі және Гостомельдегі бейбіт тұрғындар өлімінің призмасы арқылы қабылданатынын мәлімдеді.
«Міне, Ресей мемлекеті осы тұрғыдан қарастырылатын болады. Бұл – сіздердің образдарыңыз. Сіздердің мәдениеттеріңіз мен адами бет-бейнелеріңіз сіздер өлтірген украин ерлері мен әйелдерімен бірге қаза тапты», – деді Владимир Зеленский.
«Не істеді бұлар? Неге өлтірді? Көшеде велосипедімен кетіп бара жатқан адам бұларға не істеді? Неге бейбіт қалада тұрып жатқан жай қарапайым бейбіт адамдарды өлгенше азаптады? Неге әйелдердің құлақтарынан сырғаларын жұлып алғаннан кейін тұншықтырып өлтірді? Әйел адамды қалай балаларының көз алдында зорлап, артынан өлтіруге болады? Адамды өліп қалғаннан кейін де қорлаудың не керегі бар? Адамдарды неге танкпен басып өтеді? Сіздердің Ресейлеріңіз үшін украинның Бучасы не істеп қойып еді?» – деп сұрайды мемлекет басшысы.
Зеленский РФ басшылары өз бұйрықтарының Украинада қалай орындалып жатқанын көрсе деген деген тілек білдірді.
«Бұйрық мынадай. Орындалуы анадай. Бір-бірлерімен үйлесіп тұр. Осы кісі өлімдері, осы азаптаулар, осы жұлынып қалған қолдар бұлардың сол үйлесімділігін көрсетеді. Қолдары байланған адамдардың желкелерінен мылтықпен ату да. Бәрі бір-бірімен үйлесіп тұр», – деді ол.