Мариупольді қалпына келтіру үшін кемі 10 млрд доллар керек (фото)
МАРИУПОЛЬ. 2 сәуір. Ресей оккупанттары тас-талқанын шығарып, қиратып тастаған Мариуполь қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін кем дегенде 10 млрд доллар қаржы керек. Бұл туралы Segodnya хабарлады.
Қаланың мэрі Вадим Бойченко мұның өзінің алдын ала шамамен есептелген ең төменгі сома екенін айтып отыр.
Украинада соғыс толық аяқталғаннан кейін Мариуполь қалалық кеңесі арнайы депутаттық комиссия құрып, осы мәселемен айналысады.
«Жасалған әрбір қылмыс, әрбір кісі өлімі мен қирату оқиғасы түгел тіркеліп, халықаралық сотқа берілуге тиіс. Соғыс қылмыскерлері тиісті жазаларын алуға тиіс. Қазір біз Ресейден сүйікті қаламыз Мариупольді толық қалпына келтіруге репарация ғана алу емес, сонымен бірге оған келтірген зардаптары мен шығындары үшін барлық мариупольдіктеге үлкен көлемде төлем төлеттіру жолында Дон әскери-азаматтық әкімшілігімен тығыз жұмыс істесіп жатырмыз», – деп атап өтті Бойченко.
Мариуполь – Ресей басқыншығынан ең көп зардап шеккен қалалардың бірі. Онымен бұл орайда тек Харьков қана шендесе алатын шығар.
Тарихта мұндай жағдай 1939-1945 жылдары өткен Екінші дүниежүзілік соғыста бастан кешті. Сол кезде ерекше жермен-жексен болғандар арасынан тарихшылар советтің Сталинград (қазіргі – Волгоград), Смоленск, Минск, ағылшынның Лондон, Ковентри, поляктың Гданьск, немістің Кенигсберг (қазіргі аты – Калининград, оны КСРО 1945 жылдың соңында тартып алды), Дрезден, Любек, Берлин секілді қалаларын атап өтеді.
Сондай деңгейде қиратылған украинның Мариуполь қаласының қазіргі кейпі мынадай: