Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ресейлік келіншек кішкентай ұлын теуіп құлатты (видео)

ТҮМЕН. 2 сәуір. Ресейдің Түмен қаласында тұратын бір жас келіншек өзінің кішкентай ұлын аяғымен теуіп құлатып жатқан жерінде видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Келіншектің айналмалы арбаның жанынла тұрған ұлын аяғымен теуіп құлатқаны түсірілген видео алдымен «ВКонтакте» желісіндегі «ЧС Тюмень» парақшасында пайда болды.

Түсірілген кадрлардан анасы телефонмен және бір әйелмен сөйлесіп, көңілі басқа жаққа алаңдап қалған сәтте баланың өзінен де кіші сәби жатқан арбаны тербетіп тұрғаны көрінеді. Содан кейін арбаның аударылып кете жаздағанын байқаған әйел кенет жалт қарап, бір аяғымен ұлын ышқынып тұрып теуіп жібереді. Мұндай соққы балаға ауыр тисе керек, ол бірден жалп етіп құлайды.

Бірақ бұдан кейін келіншектің ұлымен шаруасы болмайды, ол колясканы өзі қолына алып, жүріп кетеді. Ал бала орнынан тұрып, анасының артынан жүгіре жөнеледі. Шамасы, ол аса қатты зардап алмаған сияқты.

Мұндай жағдай бұлардың арасында бұдан бұрында болып тұрғанға ұқсайды. Келіншектің ұлын теуіп тастағаннан кейін оған қарамай кетіп бара жатқаны, ал баланың зәбір көргеніне жыламай, анасының артынан жүгіріп кеткені соны аңғартады.

Ішкі істер министрлігінің аймақтық басқармасы осыдан кейін аталған әйелдің ұсталғанын, оған тиісті бап бойынша әкімгершілік хаттамасы толтырылғанын 72.ru порталында баяндады. Бұған сәйкес әйелге 500 рубль көлемінде айыппұл салынуы тиіс.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button