Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Мәнбе: Абдулазиз Камилов министрлікке қайтып келмеуі мүмкін

ТАШКЕНТ. 2 сәуір. Өзбекстан үкіметіне жаөын мәнбелердің бірі Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың енді жұмысына қайтып келмеуі мүмкін екенін жеткізді. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

Ташкенттегі мәнбелер 74 жастағы Сыртқы істер министрлігінің ықтималды отставкасын денсаулық жағдайына байланысты емес, 17 наурызда Өзбекстан Сенатында жасаған Украинадағы ахуалға қатысты мәлімдемесімен байланыстырып отыр.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов соңғы рет көпшілік алдында 17 наурызда Сенат Жоғарғы мәжілісінің 24-ші пленарлы отырысында көрінді. Сонда Камилов Өзбекстанның Украинадағы позициясын айтып берген еді.

Өзінің баянатында ол Өзбекстанның «Украина тәуелсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын мойындайтынын, сондай-ақ Луган және Дон халық республикаларын тән алмайтынын» атап өтті.

Камилов бұған «Өзбекстанның Украинадағы жағдайдың ауырлығын ескеріп, бұл елге гуманитарлық жәрдем беруді жалғастыратынын» қосты.

Камилов өзінің Сенаттағы баянатын АҚШ-қа барып келгеннен кейін жасады.

«Азаттықтың» Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне жақын мәнбесі министр мәлімдемесінің Президент әкімшілігімен келісіліп жасалғанын айтады.

– Ол Өзбекстанның Украинаға 2014 жылғы Қырым аннексиясынан кейінгі позициясы тұрғысында жеткізілді, – деді мәнбе.

Алайда, Ресей тарапы Камиловтың мәлімдемесін «ауыр қабылдады», Кремльдің сол наразылығы Ташкенттегі «жанжалдың себебіне» айналып кетті.

«Азаттық» мәнбелері бұл «дипломатиялық инциденттің» артынша Абдулазиз Камиловты отставкаға кету жөнінде шұғыл түрде өтініш жазуға мәжбүр еткенін алға тартады.

Әзірге «Азаттық» редакциясында Камиловтың отставкаға кетуі мүмкін екені жөнінде ресми ақпар жоқ.

Өзінің кім екенін айтпауды өтініп сұраған Өзбекстан Сырты істер министрлігінің бір қызметкері Абдулазиз Камловтың болуы мүмкін отставкасын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Бұған ол « мен бір апта бұрын министрді көрдім, оның түрі кесел кісіге ұқсамайды» дегенді қосты.

Батыс елдердің бірінің Ташкенттегі дипломаты «Абдулазиз Камиловтың қызметтен кететіні туралы қауесетте шындықтың ұшқыны бар» екенін білдірді. Ол министрдің Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдемесі Ресей тарапында наразылық туғызғаны өзіне белгілі екенін айтты.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі 21 наурызда Шавкат Мирзиеёвтің телефон арқылы Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескенін хабарлады. Өз кезегінде Кремльдің баспасөз қызметі «Өзбекстан президенті Украина төңірегінде қалыптасқан жағдай жөнінде Ресей тарапының позициясы мен әрекеттерін түсіністікпен қарайтынын айтты» деп баяндады.

Еске сала кетейік, 25 ақпанда да Өзбекстан мен Ресей президенттері арасында Украинадағы жағдайға бойынша телефон әңгімесі болған еді. Сонда екі жақтың баспасөз қызметтерінің хабарламалары бір-бірлеріне оншалықты ұқсай қоймады. Кремль «Шавкат Мирзиеёв Ресей  тарапынан қабылданып жатқан іс-әрекеттерге түсіністікпен қарайтынын білдірді» деп хабарлады. Алайда, Өзбекстан тарапындағы хабарламада бұл жайында ештеңе айтылған жоқ.

 

Хабардың түпнұсқасы:

Манба: Абдулазиз Комилов ТИВга қайтмаслиги мумкин

Озодликнинг Ўзбекистон ҳукуматига яқин манбаларига кўра, «хорижда даволанаётган» Ташқи ишлар вазири Абдулазиз Комилов ҳукуматдаги вазифасига қайтмаслиги мумкин.

Тошкентдаги манбалар 74 яшар вазирнинг эҳтимолий истеъфосини унинг соғлиги билан эмас, балки шу йилнинг 17 март куни Ўзбекистон Сенатида Украинадаги вазият юзасидан қилган баёноти билан боғламоқда.

Комилов Сенатдаги баёнотида Ўзбекистон «Украинанинг мустақиллиги, суверенитети ва ҳудудий яхлитлигини тан олиши ва Донецк ҳамда Луганцк халқ республикаларини тан олмаслиги»ни таъкидлаганди.

Вазир шунингдек, Ўзбекистон «бугунги оғир кунларда Украинага гуманитар ёрдам берамиз ва ҳозирги оғир вазиятни инобатга олиб гуманитар ёрдам юборишда давом этиши»ни айтган.

Комиловнинг Сенатдаги баёноти унинг АҚШга ташрифи ортидан янграган.

Ўзбекистон Ташқи ишлар вазирлигига яқин манбанинг Озодликка айтишича, вазирнинг баёноти Президент Администрацияси билан келишилган ва Ўзбекистоннинг Украина борасида 2014 йил Қрим аннексиясидан сўнг эгаллаб келган позициясига ҳамоҳангдир.

Аммо Россия томони баёнотга «оғриқли муносабат билдирган» ва Кремлнинг норозилиги Тошкентда «тўполон»га сабаб бўлган.

Озодлик манбалари бу «дипломатик можаро» ортидан Абдулазиз Комилов истеъфо ҳақида ариза ёзишга мажбур бўлганини айтмоқда.

Ҳозирча Озодликда Комиловнинг кутилаётган истеъфосига доир расмий маълумот мавжуд эмас.

Ўзбекистон Ташқи ишлар вазирлигининг исмини очиқламасликни сўраган ходими Абдулазиз Комиловнинг истеъфоси кутилаётганини қатъиян рад этди. Айни пайтда у «вазирни бир ҳафта олдин кўргани ва у касал кўринмагани»ни ҳам қўшимча қилди.

Тошкентдаги ғарблик дипломатлардан бири Абдулазиз Комиловнинг эҳтимолий истеъфоси ҳақидаги гапларда «жон борлиги»ни тахмин қилди. У вазирнинг Украинадаги вазият юзасидан баёноти Россия томонининг норозилигига сабаб бўлганидан хабардорлигини билдирди.

21 март куни Ўзбекистон президенти Шавкат Мирзиёев Россия президенти Владимир Путин билан телефон мулоқоти ўтказгани хабар қилинди. Кремль матбуот хизмати «Ўзбекистон президенти Россия томонининг позицияси ва ҳаракатлари юзасидан тушуниш изҳор қилгани»ни билдирди.

Ўзбекистон томони икки давлат раҳбарлари ўртасида 25 февраль куни ўтган телефон мулоқоти ҳақида Кремлнинг айни мазмунда тарқатган хабари юзасидан изоҳ берган, унда «Мирзиёев Россиянинг ҳаракатлари юзасидан тушуниш изҳор қилгани» ҳақидаги Кремль талқини рад этилганди.

Ўзбекистон президентининг матбуот хизмати Кремлнинг сўнгги хабари юзасидан бу каби изоҳ бергани йўқ.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button