Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Армян телеарнасы Украинадағы соғысты қолдап, атауын өзгертті

ЕРЕВАН. 20 наурыз. Арменияның телеарнасы Ресейдің Украинадағы агрессиясын қолдау ретінде өзінің атауын өзгертіп жатыр. Бұл туралы «Oxy.az» хабарлады.

«Армения бүкіл әлемнің ұстанымына қарсы шығып, ашықтан-ашық Украинадағы соғысты қолдап отыр», – делінген хабарламада.

Армяндар бір емес, бірнеше рет қолдарына Z және V символдық қаріптерін ұстап, Ресейдің басқыншылығын қолдайтындарын білдіріп, көшелерге шықты.

Бұл «бастамадан» енді халықаралық адам құқығын қорғау ережелерінен мақұрым армян баспасөзі де қалыспай жатыр. Соның бір айғағы, «Зангезур ТВ» телеарнасы өзінің атауын енді «Z tv» деп өзгертіп, эфирге шыға бастады.

Осылайша, армян телевидениесі Ресей қарулы күштерінің бейбіт украин халқын аяусыз қырып жатқанын ашықтан-ашық қолдауға көшті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button