РФ-дан тысқары жердегі орыстілділер үшін телеарна ашылды

МӘСКЕУ. 14 қараша. Ресейден тыс жерлерде тұратын орыстілді қауымға арналған жаңа телеарна іске қосылды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жазылым бойынша көрсетілетін Dom ойын-сауық телеарнасы олигарх Олег Тиньковтың бастамасы бойынша құрылды. Оның жобасына Татьяна Лазарева, Дмитрий Назаров, Артемий Троицкий және басқалар секілді Ресейден кетіп қалған бұрынғы тележүргізушілер мен әртістер қатысты.
Бұрынғы ресейлік журналистер, тележүргізушілер, актерлер және музыканттар РФ-дан сырт жақтарда тұрып жатқан орыстілді аудитория үшін жаңа ойын-сауық тележобасын жарыққа шығарды. Dom деген атаумен хабар беруге кіріскен жоба 13 қараша, бейсенбіден бастап Kartina.TV цифрлық теледидардың онлайн-сервис алаңынан, сондай-ақ Dom.show сайтынан көрсетуді бастады. Оған «Дождь» телеарнасының бұрынғы жүгізушісі Вячеслав Ширяев басшылық жасайды.
Оның айтуынша, Ресейде «иноагент» деп жарияланған бизнесмен Олег Тиньков шетелде тұратын орыстілді көрермен үшін ойын-сауық хабарларын тарату идеясын көтерген. Оның сөрелік контентін дайындау үшін 2,5 ай уақыт кеткен, команда осы аралықта әрбірі 12 сағаттық мерзімге созылатын 12 шоу түсіріп шыққан.
Енді орыстілді эмигранттар өздеріне арналған ойын-сауық арнасын көріп тұру үшін айына 3,99 доллар немесе жылына 35,99 доллар ақы төлеп отырады. Dom.show сайты оған «Кухня» сериялының жұлдызы Дмитрий Назаров, тележүргізушілер Михаил Шац пен Татьяна Лазарева, журналистер Артемий Троицкий мен Алекс Дубас, сондай-ақ Comedy Club шоуының бұрынғы қатысушылары Таир Мамедов пен Антон Лирник, актерлер Сэм Трескунов пен Мария Шалаева, стендап-сайқымазақтар Паша Залуцкий мен Эд Мацаберидзе, «АлоэВера» тобының солисі Вера Мусаелян қатысады.






